Ауыл халқы өз күшімен мешіт салды (фото)
|
Мәуліт мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, «Ақмектеп» ауылында жаңа мешіт ашылып, еліміздегі діни құлшылық ордасы тағы бір мешітпен толықты. Айта кетерлігі, жаңа мешітті ауыл халқы ұжымдасып, аз уақытта өз күштерімен салып шықты.
Жаңа мешіттің ашылу салтанатына белгілі ақсақалдар, қайраткерлер, аудан басшылығы қатысты.
Өкілдік атынан қатысып сөз сөйлеген Тарбатай аудандық «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов:
«Ардақты пайғамбарымыздың өмірге келген Мәуліт айында жаңа мешіт ел игілігіне беріліп отыр. Бұл үлкен мәртебе. Бұның барлығы Тәуелсіздіктің арқасы. Мешіт ауылдың діни ғана емес рухани ордасы болуы тиіс. Сіздер өз ынтымақ-бірліктеріңізді көрсетіп, осынау мешітті салып, зор парыздарыңызды орындап отырсыздар. Бұл басқаларға да үлгі»,- дей келе, жиналған халықты құттықтап, ізгі тілегін айтты.
Салтанатты шарада аудан басшысы жаңа мешітті салған ауыл халқына өз алғысын білдірді.
«Ақмектеп» ауылында ашылған бұл мешіт толықтай жабдықталып, жамағаттың құлшылық жасауына барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
От шашып, жалын бүркетін робопс пайда болды (видео)
■
Сауытты бұзатын ұшқышсыз ұшу аппаратының мүмкіндіктері жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Екпенің жарты ғасырда шамамен 154 млн адамның өмірін құтқарғаны белгілі болды
■
Әлемдегі ең шапшаң тікұшақ алғаш рет ұшты (видео)
■
ЕО тұрмыстық электрлі техникаларға қатысты тұтынушылар құқығын кеңейтті