Қытайдан уранның мол қоры табылды - қазіргі қорынан он есе молайды
Қытайдан уранның мол қоры табылды - қазіргі қорынан он есе молайды
3 жыл бұрын 1402 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай мамандары тереңдігі аз жер қойнынан уранның мол кенін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Елдің ұлттық қауіпсіздігі салаасында маңызы зор бұл оқиға өз кезегінде уран туралы ғылыми қауымдастықтың осы уақытқа дейін қалыптасқан ұғым-танымын өзгертуі мүмкін. Дәлірегі, әлем бойынша уранды табудың тың мүмкіндіктері пайда болып отыр. SCMP мәліметтері бойынша мүмкін емес деп саналатын тереңдікте көптеген өнеркәсіптік сапалы кен орындары ашылды. Бұл Қытайдың болжамды жалпы уран қорын 10 есеге арттырады, осылайша аталған елдің уран қоры екі миллион тоннадан асатын болды. Бұдан былай Қытай әлемдегі уран қоры мол елдің біріне айналады, яғни, бұл тарапта уран қоры бойынша көш бастаған Австралиямен қатар тұратын болды. Осы кен орнын ашқан ғалымдар 3000 метрге жуық тереңдікті зерттеу үшін ең заманауи технологиялар мен жабдықтарды пайдаланды, олардың айтуынша, бұл Қытайдағы уран кеніштерінің көпшілігінен алты есе терең. Қытай ұлттық ядролық корпорациясы WeChat әлеуметтік желісіндегі аккаунтында: «Бұл әлемдік жетекші жоба – біздің ел үшін үлкен серпіліс», - деп жазды. Жаңадан ашылған кен орындары Қытайдың көміртегін қысқартуға ұмтылыстан пайда болған атом энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыруға көмектеседі. Уран, әрине, қару-жарақ өндірісінде де қолданылады және жаңа кен орындары елдің әскери ядролық арсеналын арттыруға көмектеседі. Бейжің қаласындағы уран геологиясының ғылыми-зерттеу институтының директоры Ли Жиннің айтуынша, бұл жаңалық уран туралы кеңінен тараған ұғым-түсінікті өзгертеді. Ол негізінен таяз, геофизикалық тұрақты аймақтарда шоғырланған, деп есептеледі, бірақ, Қытай соңғы жылдары ашқан ірі кен орындарының кейбірі жер бетінен 1500 метрден астам тереңдікте жатыр және тектоникалық тұрғыдан белсенді болып келеді. Қытай ғалымдарының топшылауынша, тектоникалық қақтығыстар уранның жер бетінен мыңдаған метр төмен шағын «ыстық нүктелерде» қамалып қалмас бұрын мантиядан көтерілуіне әкелуі мүмкін. Ғалымдар жер астынан уран бөлетін жылудың болар-болмас іздерін анықтау үшін қашықтан басқарылатын борттық ультрасезімтал сенсорын, содан кейін арнайы бұрғылау машинасын пайдаланды. Жасанды зерде деректерді сараптамадан өткізу әрі талдау жылдамдығын арттыруға көмектесті. Жаңа әдіс басқа елдерге жасырын уран кен орындарын табуға көмектесу үшін бүкіл әлемде қолданылуы мүмкін

0 пікір
Мұрағат