Қытайдан аса құнды, табиғатта өте сирек кездесетін элемент табылды
Қытайдан аса құнды, табиғатта өте сирек кездесетін элемент табылды
1 жыл бұрын 1055 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар бұрын беймәлім болып келген құрамы бірегей кен түрін тапты. Табылған зат өткізгіштік қасиетінің тым жоғары болуымен ерекшеленеді және сол қасиеті үшін жоғары бағаланды. Ниоббаотит деп аталатын кен ниобий, барий, титан, темір және хлоридтен тұрады. Бұл жайында islam.kz порталы Space.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғылыми ортаны елең еткізгені кен құрамындағы ниобий болды. Бүгінде жарқын түсті сұр металл болат қорытуда қолданылады – болаттың салмағына салмақ қоспай беріктігін арттырады. Оны бөлшектердің үдеткіштерінде және басқа да жетілдірілген ғылыми жабдықтардан табуға болады, бұл құралдарда ол төмен температурада  өткізгіштік қасиетінің жоғары болуымен пайдалы. Ниобаотит Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы Баотоу қаласы маңындағы Баян Обо кен орнынан табылған. Қоңыр-қара руда аталған кен орнынан табылған 17-ші жаңа түрі және өңірде ашылған 150 жаңа пайдалы қазбалардың бірі болды. Бұл туралы Қытай ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) өкілдері мәлімдеді. Бұл жаңалық қазіргі уақытта ниобидің 95%-ын импорттайтын Қытай үшін күтпеген табыс болды. «Бұл ниобий кеніші саны мен сапасына байланысты Қытайдың өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді», - деді Сингапур ұлттық университетінің (NUS) электр және компьютерлік инженерия профессоры Антонио Дж. Кастро Нето. Бүгінгі таңда аталмыш құнды металды әлемде тек екі ел ғана экспорттайды: Бразилия және Канада. Бұл металдың келешегі зор. Олай дейтініміз, ғалымдар жаңа ниобий-литий және ниобий-графен батареяларын жасау процестерін зерттеп жатыр. Ниобий-литий батареясының осы күні қолданыстағы литий батареяларына қарағанда өрт қаупі төмен. Сондай-ақ, кәдімгі батареяға қарағанда жылдамырақ қуатталады (10 минуттан аз) және жиі қуаттауға болады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, олар шамамен 30 жыл қызмет ете алады, бұл мерзім литий-ионды батареялардан шамамен 10 есе ұзақ.

карта

0 пікір
Мұрағат