Қытайда парикті қалай жасайды? (Фото)
Қытайда парикті қалай жасайды? (Фото)
10 жыл бұрын 9309

Қытайдың Аньхой провинциясына қарасты Тайхэ қаласында адам шашын өңдеумен айналысатын және одан жасанды шашяғни, парик жасап шығаратын 400-ден аса компания орналасқан.

Бұл қалада шаш саудасы ең алғаш рет өткен ғасырдың 70-ші жылдары ұйымдастырылған болатын. Бүгінгі таңда Қытай Дүниежүзілік сауда ұйымының мәліметіне қарағанда, адамның шашынан жасалған өнімнің әлем бойынша 75 пайызын экспорттайды. Адам шашын өңдеп, сатудан Қытайдың алдына түсетін ел жоқ.  Назарларыңызға осынау бизнес қандай жағдайда жүргізілетінін ұсынып отырмыз.


1. Тайхэ қаласы ертеректе шығыс кілемдерімен, шөптен жасалатын шайымен және дәрі-дәрмегімен аты шыққан болатын. Бүгінгі таңда бұл шаһардың даңқы шаш өндірісімен шартарапқа жайылып тұр. 


2. Адамның шашы алдымен сульфат қосылмаған арнайы шампунмен жуылады, содан соң екі үлкен бөшкеде залалсыздандырылады. Ол үшін жұмысшылар қайнап жатқан суда шашты аударып-төңкеруі үшін арнайы метал күректерді пайдаланады. Шаш белгілі бір түске боялып, пештерде кептіріледі. 

3.  Шаштың бағасы сапасына қарай және түрлі фактілерге байланысты ауытқып тұрады.  


4. 2012 жылы бұл ел шаш өнімдерін экспорттау арқылы 87 млн доллар табыс тапты.  Ал мына көріністе Тайхэ базарында шаш саудасымен айналысып тұрған жергілікті тұрғындар. 


5. Париктер мен желпуіштер түрлі үлгіде, түрлі сапада жасалады.  



6. Тайхэ қаласындағы шаш өнімдері әлемнің түкпір-түкпірінде, соның ішінде, АҚШ-та, Еуропада және Африка құрлығында үлкен сұранысқа ие. 


7. 64 жастағы шаш саудасымен айналысатын Фу Гуангуоның айтуынша, бұл бизнесті өткен ғасырдың 70-ші жылдары қолға алған екен. Оның сөзіне қарағанда, адам шашы негізінен Мьянма (Бирма) және Вьетнамнан келеді. Шаш өңдеу аса ауыр еңбектердің бірі. 


8. Фу Гуангуоның 36 жастағы ұлы Фу Куанвей де осы бизнеспен шұғылданады. Оның, тіпті, шаш өңдейтін ағылшынша Anna атауына ие компаниясы бар. Оның компаниясы жылына шаш өнімдерін экспорттаудан шамамен 7,8 млн доллар табыс табады. Оның компаниясында 200-ден аса жұмыс істейді.   


9.  Фу Куанвейдің сөзіне қарағанда, әр елдің талғамы әртүрлі келеді. Бір елдің тұрғындарына, мәселен, париктің ашық түстісі немесе қысқа болғаны ұнайды. Енді бір ел керісінше талап қояды. Олардың талаптары мен талғамдары түгел ескеріледі. 


0 пікір
Мұрағат