Қытайда да сал болып қалған адам қолын нейрочиптен қимылдататын халге келді
|
Сал болып қалған мүмкіндігі шектеулі жанның басына орнатылған импланттан науқас қолын қимылдататын халге жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай да нейротехнология саласында америкалықтардан қалысар емес. Қытай ғалымдары ерекше қажеттілігі бар, яғни, өздігінен аяқ-қолын қозғалта алмайтын кемтар жанның басына сымсыз интерфейс орнатқан. Нейрондық интерфейсті жасауға шамамен 10 жыл кеткен. Ол «нейрондық электронды мүмкіндік» (Neural Electronic Opportunity, NEO) деп аталды. Мұндай имплант орнатылған ер адам затты қолымен ұстай алады, қыса алады, қозғалта алады. Десе де осы қимылдарды орындауы үшін нейроинтерфейске бекітілген протезді киеді. Қытайдың бұл импланты таяуды ғана адам миына орнатылған Neuralink (Илан Маск компаниясы) чипінің баламасы деуге болады. Бұл чип сыртқы құрылғылармен ақпарат алмасады. Ол да, сондай-ақ, адам басына орнатылады, алайда, жүйке тініне емес, бас сүйегінің эпидуралды кеңістігінде болады. Бұл әдіс пациенттерге қауіпсіз, дейді ғалымдар. Көлемі екі тиындай болатын чиптің батареялары жоқ және жақын өрістегі сымсыз желі және жоғары жиілікті антенна арқылы қашықтан қуат алады.