Қытайда бір жылда 100-ге тарта ядролық оқтұмсық жасалды
Қытайда бір жылда 100-ге тарта ядролық оқтұмсық жасалды
1 жыл бұрын 997 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың ядролық қару қорын толықтыру қарқыны америкалық сарапшылардың болжамынан да асып түскен: соңғы жылы, дәлірегі, бір жыл ішінде жүзге тарта ядролық оқтұмсық жасалған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Пентагонның Қытай саясатына қатысты есебінде келтірілген дерекке жөн сілтеген newsyou.info ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америка құрама штаттарының қорғаныс министрлігінің сарапшыларының айтуынша, осы жылдың мамыр айына дейін Қытайдың қару-жарақ арсеналында 500-ден аса ядролық оқтұмсық болған, бұл көрсеткіш өткен жылғысымен салыстырғанда шамамен 100 есе көп. Пентагонның бұрынғы баяндамасында Қытайдың өз ядролық күшін жедел модернизациялап жатқанын айтқан екен. Алайда, 2035 жылға қарай ары кетсе 1500 ядролық оқтұмсыққа ие болатынын болжаған еді. Бұдан бөлек, 2030 жылға қарай 1000-нан аса ядролық оқтұмсықты орналастырады, деп болжаған болатын. Қытай осылайша ядролық қару саны бойынша АҚШ-тан және Ресей Федерациясынан кейінгі үшінші ел мәртебесіне ие болып қалады. Бұл мақсатта Қытай плутоний өндірісі үшін жаңа, жылдам реакторлар мен қайта өңдеу қондырғыларын пайдаланады. Бұл тараптағы қадамын бүркемелеу үшін Қытай билігі оны ресми түрде «бейбіт атом» зерттеулерінің бір бөлігі деп атайды. Стокголмдегі әлем проблемаларын зерттеумен айналысатын халықаралық институт мәліметіне қарағанда, осы жылдың қаңтарында Ресейде 5889 ядролық оқтұмсық болса, АҚШ-та – 5244. Қытай билігі АҚШ-пен және Ресемен жаппай қырып-жоятын қаруды шектеу туралы келіссіөзге қатысудан бас тартып отыр. Бір ғана себеппен – аталған екі елдің ядролық қару арсеналы Қытайдан көп болғаны үшін.

0 пікір
Мұрағат