Қытайда артық салмақты 90 миллиондай адам тұрады
Қытайда артық салмақты 90 миллиондай адам тұрады
9 жыл бұрын 4149 inform.kz

2025 жылға дейін семіздікпен күрес жолында жаһандық мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес, делінген Lancet медициналық журналында жарияланған зерттеуде.

Себебі соңғы 40 жылда (1975-2014 жылдар) артық салмағы бар ересек адамдардың саны 105-тен 641 миллионға дейін өскен. Семіз ер адамдардың саны үш есе, артық салмақты әйелдер саны екі есе артқан.

Егер ағымдағы жағдай сақталса, 2025 жылға қарай салмағы артық ер адамдардың үлесі 18 пайыз, әйелдердің үлесі - 21 пайыз болмақ.

Артық салмағы бар адамдардың көбі Қытайда тұрып жатыр: бұл елде 43,2 млн. ер адам мен 46,4 млн. әйел семіздікке ұшыраған. Екінші орында АҚШ тұр, деп жазады Би-би-си.

Ұлыбритания үкіметінің газдалған алкогольсіз сусындарға қол жетімділікті қиындату үшін қантқа салық енгізу жоспары - дұрыс бағытта жасалған қадам, деп сендіреді баяндаманы құрастырушылар. Британияда әрбір бесінші бала семіздікке ұшыраған. Бұл ретте балалар құрамында қанты көп сусындардың негізгі тұтынушылары болып табылады. 

1 пікір
  • Сондықтан әрбір жұмыс орнында кішкентайда болса 10минуттық таңғы жаттығу жасаса сәлде болса сергіп қалар еді деп ойлаймын.
    9 жыл бұрын
Мұрағат