Қытайда әлемдегі алғашқы балқытылған торий тұзы негізінде атом электр стансасы салынады
Қытайда әлемдегі алғашқы балқытылған торий тұзы негізінде атом электр стансасы салынады
4 ай бұрын 765 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Сурет: Chinese Academy of Science

Осыдан үш жыл бұрын Қытай аумағында әлемдегі алғашқы торий балқытылған тұзды ядролық реактор салынды. Оның жылу қуаты 2 МВт болды. Ол электр энергиясын өндірмеді. Бұл тараптағы тәжірибе сәтті өтіп, нәтижесі Қытайда балқытылған торий тұздарын қолданатын әлемдегі алғашқы атом электр стансасын салуға негіз болды. Атом электр стансасы мен жылу қуаты 60 МВт реактордың құрылысы 2025 жылы басталады. Ол 10 МВт электр қуатын өндіре алады. Бұл жайында islam.kz порталы Scmp.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алғашқы тәжірибелік торий балқытылған тұз реакторы шамамен 60 жыл бұрын Америка құрама штаттарында салынған еді. Алғашында балқытылған тұзды тасымалдауға арналған құбырлардың коррозияға ұшырау деңгейінің жоғары болуына байланысты жұмыс істеу қиын болды. Америкалық мамандар бұл жобаны тиімсіз деп тауып, көп ұзамай реакторды бөлшектеп тастады. Дегенмен, балқытылған тұз реакторларының пайдалы жақтары да жоқ емес. Отын балқытылған тұз реакторларына өзі де балқыған күйдегі салқындатқышпен қоспада беріледі. Мұндай реактор су реакторы сияқты апат кезінде жарылмайды. Тұз бастапқы тізбекте серпіліс болса да радиоактивті материалдың бөлінуіне жол бермей біртіндеп суытады. Осы уақытқа дейін мұндай реакторлардың жаппай өндірісі жоғары температурада тотығуға төзімді материалдардың болмауынан тоқтатылды. Гоби шөлінде (Гансу провинциясының Убей қаласынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 120 шақырым қашық жерде) 2 МВт-тық реакторды салып, оны пайдалану арқылы Қытай бұл салада жетістікке жетуге болатынын дәлелдеді. Кейбір озық технологиялар тәжірибеде сыналған, соның ішінде жоғары температураға, радиацияға және химиялық коррозияға төтеп бере алатын жоғары температуралық қорытпалар бар. Бұл шағын реактор өткен жылдың маусым айында Қытайдың ядролық қауіпсіздік басқармасынан жұмыс істеуге рұқсат алды және қазан айында маңызды (тұрақты) ядролық тізбекті реакцияға қол жеткізді. Бірінші реактордың жанынан футбол алаңынан кішірек аумақта жылу қуаты 60 МВт және электр қуаты 10 МВт болатын жаңа әрі қуатты торий реакторы салынады. Балқыған отын реактордың өзегінен өткеннен кейін екінші контурды балқытылған тұзбен де қыздырады. Екінші контур турбинаны көміртегі диоксиді арқылы әрекетке келтіреді. Нысан 2029 жылы пайдалануға беріледі жоспар бойынша. Қытай үшін ториді отынның негізгі құрамдас бөлігі ретінде пайдалану маңызды емес (уран немесе басқа радиоактивті материалдарды бәрібір қосуға тура келеді) - оның елдегі қоры балқытылған тұздарды пайдаланатын атом стансасының 20 мың жыл бойы жұмыс істеуіне жетеді. Дегенмен, Қытайдың өз ураны болғанымен барлығы бірдей жетпейді. Айтпақшы, АҚШ-та да сол көне жобаны жаңа деңгейде жандандыруға тырысуда. Дәлірегі, Билл Гейтске тиесілі  TerraPower компаниясы балқытылған натрий тұздарын пайдаланып реактор жасауға ден қойып отыр.

0 пікір
Мұрағат