Қытай - Пәкістан - Үндістан үштігі
Қытай - Пәкістан - Үндістан үштігі
6 жыл бұрын 7468 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Халқының саны өзімен шамалас, өз аумағымен шектесетін (шекарасы) 3 380 шақырымға созылып жатқан Үндістанмен жер дауы бар (Доклам таулы қыраты, Гималайдағы Непалға қарайтын аумақ, Үндістанның солтүстігіндегі Сиашен мұздағы, т.б.), соңғы жылдары Үндістанмен Кашмир даулы аймағы үшін қырғы қабақ Пәкістанға әскери көмек көрсетуде белсенділік танытып отыр. Тарқатып айтқанда, Қытай өзінің одақтасы болып табылатын Пәкістан үшін Project Hangor аясында 8 жаңа суасты кемесін құрастырып бермек. Сөз орайы келгенде айта кетейік, дәл қазіргі уақытта Пәкістан қарулы күштерінде, дәлірегі, әскери теңіз күштерінде, яғни, әскери теңіз флотында бар-жоғы 10 суасты кемесі бар. 2020 жылдардың орта шенінде немесе соңына таман жаңа суасты кемелірімен жабдықталуына байланысты аталған елдің әскери теңіз флотының суасты кемесі 80%-ға артады. Тағы бір айта кететін жайт: Үндістанның суасты соғысқа әзірлігі мен бағдарламасы Пәкістанға қарағанда әлдеқайда қуатты. Қазіргі уақытты Үндістанның 16 суасты кемесі бар. Қытай Пәкістанға не үшін әскери көмек көрсетіп отыр? Қытай-Пәкістан экономикалық дәліз (CPEC) жобасын қорғауы үшін әскери жәрдемін аямайды. Екі ел де тығыз стратегиялық қарым-қатынасқа көшкен ел. Негізгі салалар бойынша. Атап айтқанда, қаржы, әскери және стратегиялық мәселелерде. Қытай Пәкістанға 50 млрд доллрға бағаланған (кезінде бұл турасында айтып өткенбіз*- ред.) инфрақұрылымдық жобаларға арналған пакетті ұсынып отыр. Бұл қомақты қаржы өз кезегінде Пәкістанның энергетикалық инфрақұрылымын, көлік желісін, экономкасын жаңғыртуға бөлініп отыр. Қытайдың Пәкістанға қолдау көрсеткені секілді АҚШ билігі де аталған аймақтағы ханзулардың ықпалына қарсы Үндістанды қару-жарақпен қамтамасыз етіп жатыр. Дәлірегі, қытайлардың "Бір жол - бір белдеу" ғасыр жобасына барынша кедергі келтіруге ұмтылуда. Өткен аптада қытайлар Пәкістан үшін қашықтан сүңгілеу (зондирование) спутнигінің екеуін сәтті ұшырды. Бұл екі елге де Үндістанды әрі біз сөз етіп отырған CPEC инфрақұрылымын бақылауға мүмкіндік бермек. Аталған жасанды жер серіктері Chinese Long March (LM-2C) ғарыш кемесінен жіберлі. PRSS1 – қытайдың ғарыш технологиялары академиясы (CAST) дайындаған, Пәкістандағы алғашқы қашықтан сүңгілеуге арналған оптикалық спутник. Ал маусым айында алғашқы іргетасы 2016 жылдың наурыз айында қаланған талшықты-оптикалық желі жобасы аяқталды. Қазіргі уақытта ол Пәкістан мен Қытайды байланыстырып, Пәкістан мен Орта Азияның және Шығыс Азияның арасындағы тікелей байланысқа серпін беріп отыр. Бұл  CPEC аясында, дәлірегі, қытайлардың ықпалымен әрі жәрдемімен жүзеге асырылған ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы жобалардың бір ширегі ғана. Пәкістан мен қытай арасындағы қатынас екі елге бірдей тиімді болуымен ерекшеленеді. Екі ел де бұл қатынастан ұтпаса, ұтылмайды. Қытай Пәкістан арқылы Араб теңізіне шыға алады. Бұл Бір жол - бір белдеу" бастамасының алты экономикалық дәлізінің біріне жол ашып бермек. 

0 пікір
Мұрағат