Қытай фермаларындағы ұлпа терісі бар жануарлардан ондаған беймәлім вирус табылды
Қытай фермаларындағы ұлпа терісі бар жануарлардан ондаған беймәлім вирус табылды
2 ай бұрын 1089 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық зерттеу тобы Қытайдағы теріcі үшін өсірілетін хайуан фермаларындағы жануарлардан 125 вирусты, оның ішінде 36 жаңа вирусты анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ковид-19 пандемиясынан кейін ғалымдар аң терісі үшін күзен сияқты сүтқоректілерді өсіру өз кезегінде патогендердің жабайы табиғаттан ену ықтималдылығын арттырып, жұқпалы аурулардың өршуін тудыруы мүмкін екенін ескертті. Ғалымдар бұл тарапта 461 жануардың, соның ішінде күзен, қарсақ, қоянд, түлкі, т.б, терісі бағалы аңдардың өкпе және ішек үлгілерінен алынған генетикалық материалды талдаудан өткізді. Бұл бағыттағы зерттеуде пайдаланылған 50-ге жуық жабайы жануардың көпшілігі терісі, халық медицинасындағы дәрі үшін өсірілетін фермаларда 2021-2024 жылдар аралығында түрлі аурудан өлген. Бұдан бөлек, талдау нәтижесі көрсеткендей, ұлпа жүнді жануарлар бойынан табылған 125 вирустың 36-сы осы уақытқа беймәлім вирустар болып шықты. Сарапшылар Е гепатиті және жапон энцефалиті сияқты вирустардың адамдар арасында таралып үлгергенін алға тартып отыр. Алайда, осы 39 вирустың 13-і бұрын белгісіз болатын. Ғалымдар күзенді, қарсақты және атжалманды мұқият қадағалады, өйткені, дәл осы жануарларда ең «қауіпті» инфекциялар тіркелген. Дания коронавирус қаупіне байланысты 2020 жылы ел аумағындағы күзеннің бүкіл популяциясын жойғаны осы сөзімізге дәлел бола алады. Ғалымдар жабайы сүтқоректілер арасында мыңдаған белгісіз вирустардың барын жоққа шығармайды. Ғалымдар терісі үшін өсірілетін аң фермаларындағы жануарлардың түраралық тосқауылдан өтіп, адамдарға жұғуы мүмкін инфекцияларды таратуы мүмкін екенін де жоққа гығарған емес. Таяудағы зерттеу авторларын ең алаңдатқаны - екі күзеннен табылған вирус болды. Бұған дейін коронавирустың бұл «туысы» тек Pipistrellus жарқанатынан ғана табылған еді.

0 пікір
Мұрағат