Қытай экономикасы траст индустриясының күйреуіне байланысты 38 млрд долларынан айырылады
Қытай экономикасы траст индустриясының күйреуіне байланысты 38 млрд долларынан айырылады
1 жыл бұрын 1085 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяу болашақта Қытай экономикасы траст индустриясының (анықтамасы төменде берілген – ред.) күйреуінен көретін шығыны 38 млрд долларға жетуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде америкалық Goldman Sachs банкінің сарапшыларына жөн сілтеген Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың траст индустриясы 2,9 триллион долларға бағаланған. Траст компаниялар мүлікті, бағалы қағаздар портфелін немесе мұраны сенімгерлік басқаруға маманданған, яғни, бағдарланған. Бұл жағдайда мұндай мүлікті иеленуден түскен кірісті бенефициарлар, яғни, инвесторлар алады. Қытайдағы кейбір өнеркәсіп алпауыттары, соның ішінде Zhongzhi Enterprise Group және оның еншілес кәсіпорны Zhongrong International Trust 2023 жылдың шілде айынан бастап түрлі, табысы жоғары инвестициялық өнімдер бойынша төлемдерді тоқтатқанын айта кету керек. Олар басқаратын активтер триллион юаннан немесе 137 миллиард доллардан асады. Дегенмен, бұл саланың Қытай экономикасының ең проблемалы секторы – жылжымайтын мүлікпен тығыз байланысы екенін естен шығармау керек. Бұл – сарапшылар пікірі. Америкалық Goldman Sachs инвестициялық банк сарапшыларының бағалауы бойынша Қытайдағы трастық компаниялар наурыз айының соңында жылжымайтын мүлік секторында шамамен 1,6 триллион юан несие берген. Былайша айтқанда, тәуекелі көп мәмілеге барған. Сарапшылар 2023 жылдың екінші жартысында дағдарыс Қытайда трасттық мәмілелерге байланысты бүкіл қаржы саласында дағдарыс орын алуы мүмкін, деп есептейді. Ал Австралия мен Жаңа Зеландия банк тобының экономистері Раймонд Юнг пен Син Шаопен Қытайдың жылжымайтын мүлік саласы құлдыраған сайын Қытайдың қаржылық экожүйесінде дефолттың орын алуы ықтимал екенін жоққа шығармайды. Бұдан бөлек, Қытайдың аймақтық билігінің жасырын қарыздары (бұл туралы сайтымыздың жаңалықтар таспасында хабарлағанбыз: қараңыз: «Қытай эконоикасын күйрететін жасырын фактор анықталды» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-ekonoikasyn-kuiretetin-jasyryn-faktor-anyqtaldy-19005/#gsc.tab=0шектен тыс көбейіп кеткен. Швейцариялық UBS банкі Қытайдың қаржы институттарының 80 пайыздан астамы енді өз міндеттемелері бойынша пайыздық төлемдерді өтей алмайтынын алға тартып отыр. Халықаралық валюта қоры Қытайдың жалпы жасырын қарызын 30-70 триллион юанға бағалап отыр.

Уикипедия электронды энциклопиядан:

Трест (ағылш. trust – сенім) – бір немесе бірнеше сала кәсіпорындарының өндірістік және коммерциялық дербестігін жоя отырып құрылған монополиялық бірлестігі.

Трест әдетте акционерлік қоғам түрінде құрылады. Кәсіпкерлер – кәсіпорындардың иелері трестке кіргенде оның акционерлеріне айналады, бұл орайда олардың кәсіпорындары бірыңғай басшылыққа бағынады. Тресттің басында бірлестікке кірген барлық кәсіпорындардың өнім өндіруді, өткізуді, қаржы операцияларын басқаратын басқарма тұрады. Трестке әрбір қатысушы салған капиталының үлесіне сәйкес белгілі бір акциялар пакетіне, басқаруға қатысу құқығына ие болады және пайданың белгілі бір үлесін алады.

Трестте картель мен синдикаттан гөрі капиталдың неғұрлым көп шоғырлануы оның бәсекелесу қабілетін күшейтеді, ал оның қатысушыларына неғұрлым жоғары пайда әкеледі. Қосылу деңгейіне қарай трест толық қосылған кәсіпорындардың бірлестіктеріне және қатысушылары іс жүзінде басты қаржы орталығына – холдингтік компанияға бағына отырып ресми дербестікті сақтайтын бірлестіктерге бөлінеді. Трестке кіретін кәсіпорындарды бақылауды акциялардың бақылау пакетін иелену немесе ерекше сенімгерлік сертификат қамтамасыз етеді. Сонымен қатар трест бір саланың немесе бір-бірімен байланысқан әр түрлі салалардың кәсіпорындарынан біріккен комбинаттар түрінде құрылуы мүмкін. Комбинаттардың басқа бірлестіктерден гөрі артықшылықтары бар.

  1. Түрлі салалардың кәсіпорындары біріккендіктен және материалдық, қаржылық ресурстар мен басқа да ресурстарды түрлендіру мүмкіндіктеріне байланысты комбинаттардың табысы неғұрлым тұрақты болып келеді.
  2. Дайын өнімді шығару жөніндегі технологиялық тізбектер құру және осының нәтижесінде шығынды азайту мүмкіндіктері бірлістіктің пайдасын арттырады.

Кеңестік кезеңде трест өнеркәсіптің қант, металлургия салалары мен басқа да кейбір салаларында, құрылыста таралды. халықаралық тресттер құрылды. Трест өндірістің күрт құлдыруы жағдайында бағаның деңгейін жасанды түрде көтерді, мұның өзі ұсыныс пен төлем қабілеті арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіруді қиындатты. Сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде трест қызметінің кейбір түрлерін шектеу үшін трестке қарсы заңдар енгізілген. Соның ықпалымен тресттің орнына монополистік бірлестіктердің неғұрлым дамыған икемді нысандары (негізінен түрлі тұрпаттағы қаржы-өнеркәсіптік топтар: концерндерконгломераттар) құрылды.

Қазіргі жағдайда трест өнеркәсіпті басқарудың ұйымдық нысаны ретіндегі мәнін жоғалтты.[1][2]

 

0 пікір
Мұрағат