Қытай дамуының ерекшелігі немесе соры
Қытай дамуының ерекшелігі немесе соры
7 жыл бұрын 6558 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сарапшылардың айтуынша, АҚШ пен Қытай арасында сауда соғысы жүріп жатқанына қарамастан болашақта Қытай экономикасы өркендеп, әлемде қуатты мемлекетке айналады. Бұған мынадай факторлар өз әсерін тигізбек: біріншіден, Қытай халқының саны АҚШ-қа қарағанда төрт есе көп, екіншіден, бұл ел жүздеген жыл бойы кенжелеп қалған, экономиканы алға сүйрейтін осы заманғы саланы – технологияны меңгеруге белін бекем буған ел. Қытай жолайрықта тұрған ел: ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы мен мәдениетіне мұрагер қазіргі ұрпақ дамудың жолына түспесіне болмайды. Бұған халық санының өсуі мемлекеттің өзіне қауіп төндіретін аждаһаға айналуы мүмкін. Бейнелеп айтқанда. Сондықтан бейқам қарап отыра алмайды. Өмір сүруі үшін.

Кеннет Рогофф

Әлемге әйгілі Гарвард университетінің профессоры Кеннет Рогофф Project Syndicate мерзімді басылымында жарық көрген мақаласында бұған күмәнмен қараған екен. Оның айтуынша, экономистердің халық санының көптігін экономика дамуында ең басты фактор ретінде қарастырып, экономиканың дамуын қажетті жұмысшы күшінің көп болуымен байланыстыру – біржақты қате пікір. Өйткені, роботтар мен жасанды интеллекті адамдарды ығыстыратын кез алыс емес. Өндірістің негізгі қозғаушы күгіне айналатын болса, көл-көсір халық масылға айналады. Бұл жағымсыз үрдіс экономиканы артқа тартады. Қытайлар ұмтылып отырған технологиялық жетістік олардың өз басына сор болып жабысады мұндай жағдайда. Бұған қоса, қытайдың өз технологиясы ешуақытта болмаған. Бәрі көшірме. Мұндай көшірмемен немесе интеллектуалды ұрлықпен алысқа ұзай алмайды. Десе де әділін айта кету керек, халқының саны өзімен шамалас Қытай Үндістаннан оқ бойы озық тұр. Кедей елін орта тапқа жататын деңгейге көтере білді. Бұған қытайдың қоғамдық құрылысы (мазмұны капиталистік, формасы социалистік) өз әсерін тигізгені анық. 

0 пікір
Мұрағат