Қырғыздар кедейлікпен күресте осы салада 100 жылдық тәжірибесі бар елдің тәжірибесін басшылыққа алады
Қырғыздар кедейлікпен күресте осы салада 100 жылдық тәжірибесі бар елдің тәжірибесін басшылыққа алады
2 жыл бұрын 2396 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қырғызстанның еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі елдегі кедейлікпен күресте қытай тәжірибесін басшылыққа алатындарын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы regnum ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аталған ведомства басшысы Құдайберген Базарбаев бұл мәлімдемесін осы елдегі Қытай халық республикасының елшісі Ду Дебенмен кездескенде жасады. Сондай-ақ, ол Қытайдың әлеуметтік бағыттағы саясатына да арқа сүйейтіндерін жеткізді. Қытай елшісі жауап ретінде қырғыздарға бұл тарапта көмек қолын созатындарын жария етті. Осылай деген елші Қытай билігінің бір ғасыр бойы кедейлікпен күрес жүргізіп келе жатқанын әрі соңғы он жылда тұрғындарды кедейлік қамытынын толық шығарғандарын жасырмады. Елшінің есебінше, тек 2021 жылдың өзінде 800 млн қытай азаматы кедейлік қамытынан құтылған. Ал керісінше қырғызстандағы кедейлік деңгейі соңғы екі жылда бір жарым есеге артып кеткен - 25% ден 38%-ға дейін. Бұл дерек қырғыз парламентінің халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон комитетінің мәжілісінде айтылды. Алайда, бұл мәліметті депутат Айбек Османов Біріккен Ұлттар Ұйымының баяндамасынан алғанын жасырмады. Дегенмен, премьер-министрдің орынбасары Еділ Байсалов бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын алға тартып отыр, өйткені, бұл ақпарат елдегі ахуалды болжау бойынша мәлімет екенін жеткізді. Ал БҰҰ-ның бүкіл әлемдік азық-түлік бағдарламасының есебінде келтірілген дерекке сәйкес қырғыз халқының үштен бірі, яғни, шамамен 2,2 млн ел тұрғыны тәулігіне 90 сомға, яғни, 1 долларға жетер-жетпес шамадағы қаражатпен күнелтуде.  Ал шамамен 614 мың қырғыз азаматы шетелде жалданып жұмыс істейтін туған-туыстары аударып отыратын қаражатымен жан бағып отыр.

Ұқсас материалдар: 

"Қытайдың кедейлікпен күрес стратегиясынан аз-кем мәлімет" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-kedeilikpen-kures-strategiyasynan-az-kem-malimet-15713/#gsc.tab=0);

"Қытай кедейлікті ғылымның және технологияның көмегімен жеңді" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-kedeilikti-gylymnyn-jane-tehnologiyanyn-komegimen-jendi-14925/#gsc.tab=0);

"Кедейлікпен күрес тәсілдерінің бірі өз жемісін бере бастады" (https://islam.kz/kk/news/alem/kedeilikpen-kures-tasilderinin-biri-oz-jemisin-bere-bastady-14495/#gsc.tab=0);

"Бір ғана елде кедейлікпен күреске 100 мыңнан аса жекеменшік компания атсалысып жатыр" (https://islam.kz/kk/news/alem/bir-gana-elde-kedeilikpen-kureske-100-mynnan-asa-jekemenshik-kompaniya-atsalysyp-jatyr-14122/#gsc.tab=0);

"Кедейшілікпен күрес науқаны сәтсіздікке ұшырады" (https://islam.kz/kk/news/alem/kedeishilikpen-kures-nauqany-satsizdikke-ushyrady-13933/#gsc.tab=0);

«Қытай жыл сайын 10 млн тұрғынды кедейлік қамытынан шығарады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-jyl-saiyn-10-mln-turgyndy-kedeilik-qamytynan-shygarady-12862/#gsc.tab=0);

«Қытай жетістігінің құпиясы неде?» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-jetistiginin-qupiyasy-nede-14048/#gsc.tab=0);

"Қытай дамуының ерекшелігі немесе соры" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-damuynyn-ereksheligi-nemese-sory-9978/#gsc.tab=0);

"Қытайдың басты проблемасы..." (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-basty-problemasy-10708/#gsc.tab=0);

«Қытай экономикасының қарқынды дамуының негізгі 5 себебі» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/qytai-ekonomikasynyn-qarqyndy-damuynyn-negizgi-5-sebebi-10366/#gsc.tab=0);

«740 млн адам кедейлік қамытынан құтқарылған» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/740-mln-adam-kedeilik-qamytynan-qutqarylgan-11038/#gsc.tab=0);

«Кедейлік қамытынан құтылмаған 750 млн адам бар...» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/kedeilik-qamytynan-qutylmagan-750-mln-adam-bar-11073/#gsc.tab=0);

"Қытай экономикасының қарқынды дамуының негізгі 5 себебі" (https://islam.kz/kk/news/arturli/qytai-ekonomikasynyn-qarqyndy-damuynyn-negizgi-5-sebebi-10366/#gsc.tab=0);

"Кедейлікпен күрес орманның заңсыз оталу деңгейін 30%-ға кемітті" (https://islam.kz/kk/news/alem/kedeilikpen-kures-ormannyn-zansyz-otalu-dengeiin-30-ga-kemitti-13734/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат