"Қылмысты болжайтын" жүйе іске қосылады немесе қытайлар қылмыспен қалай күреседі?
"Қылмысты болжайтын" жүйе іске қосылады немесе қытайлар қылмыспен қалай күреседі?
7 жыл бұрын 3267 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Фантастикалық жоба шындыққы айналады. Қытай билігі болуы ықтимал қылмыстың алдын алуға көмектесетін, жасанды интеллектімен байланысты адамның жүзін тану технологиясын, предикативтік талдауға құрылған салаға ден қойып жатыр. Бұл жайында Hi-Tech News ақпарат көзі хабар таратты. Адамның іс-әрекетін талдау арқылы кәнігі қылмыскер туралы ақпарат жергілікті полицияға хабарлайтын болады. Штаб-кеңсесі Гуанчжоуда орналасқан Cloud Walk компаниясының өнімі бұл. Сондай-ақ, қару-жарақ сататын дүкенге бас сұққандар да ерекше бақылауға алынбақ. Өйткені, қару-жарақ дүкені "аса қауіпті" аймақ ретінде танылып отыр. "Әлбетте, біреу ас үй пышағын сатып алса, онда тұрған ештеңе жоқ, яғни, қылмыстың белгісі ретінде қарастырылмайды. Алайда, л екінші мәрте келіп, осы дүкеннен басқа заттар алса, онда ол күдіктілердің қатарына жатқызылады",- деді Cloud Walk компаниясының өкілі Financial Times ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. Айта кетейік, Cloud Walk бағдарламасы елуден аса қала мен провинция полициясының мәліметтер базасымен жабдықталған. Сондай-ақ, аталған елде "тұлғаны қайта тану" жүйесі жұмыс істейді. Бұл жүйе адамдарды түрлі мекенде, түрлі киімде тануға көмектеседі. Тағы бір айта кететін жайт, Қытай әлемдегі ең санаулы елдердің бірі қылмыспен осы заманғы технологияның көмегімен күресетін. Ел аумағына 176 миллионна аса бейнебақылау орнатып тастаған. 2030 жылға қарай жасанды интеллекті саласында алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналуға күш салып жатыр. 

0 пікір
Мұрағат