|
Құрғақшылық Түркияны газ импортын жыл сайын ұлғайтуға итермелейді
|
Ұзақ уақытқа созылған құрғақшылық Түркияда гидроэлектрэнергия (су электр энергиясын) өндірісін айтарлықтай төмендетуде және осыған байланысты аталған елдің газ импортына тәуелділігін арттырып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ember Türkiye Electricity Review 2026 есебіндегі деректерге жөн сілтеген mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 30 жыл ішіндегі мәліметтерде талдау нәтижесі негізгі су электр стансаларындағы - Ататүрік бөгетіндегі, Қарақай бөгетіндегі және Кебан бөгетіндегі орташа генерация көрсеткішінің соңғы он жылдағысын 1996-2005 жылдармен салыстырғанда 29% -ға қысқарғанын көрсетеді. Бұл тапшылық газ генерациясы есебінен өтеледі, ал бұл жайт энергетикалық тәуелділіктің өсуіне алып келеді. Сарапшылардың пайымдауынша, құрғақшылық жыл сайын орта есеппен 1,8 млрд долларға қосымша газ импорттауға мәжбүр етеді және энергетикалық дағдарыс кезінде, әсіресе, ел аумағын құрғақшылық жайлаған жылдары бұл шама артады. Бұл ретте соңғы жылдары Түркияның электр энергетикасы құрылымының шапшаң өзгергенін байқайсыз. 2025 жылы күн энергетикасы жедел өсп, жел қуаты рекордтық деңгейде іске қосылды. Жаңғыртпалы энергия көздерінің осы негізгі екі көзі - жел мен күн елдің электр энергиясы өндірісінің 22% -ын қамтамасыз етіп, гидрогенерацияның төмендеуінен орын алған олқылықтың ішінара толтырды.