Құнарынан айырылған жер аумағы Антарктида көлеміндей жерден де асып кетті
Құнарынан айырылған жер аумағы Антарктида көлеміндей жерден де асып кетті
2 күн бұрын 489 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша жылына 1 млн шаршы шақырым жер антропогендік фактордың әсерінен дегредацияға ұшырап, жарамсыз күйге түседі. Бұл фактор өз кезегінде климат дағдарысын еңсеру, табиғатты қорғау және азық-түлікпен қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерді зая кетіреді. Бұл жайында islam.kz порталы климат өзгерісін зерттейтін Потсдам институтының дерегіне жөн сілтеген The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесіне сәйкес өмірлік маңызы бар топырақ ресурстарын жоғалтқан және құнарын жоғалтқан жер көлемі қазірдің өзінде Антарктида аумағынан асып, 15 млн шаршы шақырымға жеткен. «Соңғы кезге дейін құрлықтағы экологиялық жүйелер көмірқышқыл газының антропогендік ластануының үштен бір бөлігіне жуығын сіңірді, тіпті, бұл көрсеткішр екі есеге дейін өсіпп барады. Соңғы он жылда орман-тоғайы оталған өлкелер мен климаттың өзгеруі салдарынан ағаштар мен топырақтың артық СО²-ны сіңіру мүмкіндігі 20%-ға төмендеді», - делінген зерттеу мәтінінде. Ғалымдар бұл кері процесс ең алдымен ауыл шаруашылығының тиімсіз тәжірибесіне байланысты деген қорытындыға келді, соның салдарынан орман-тоғайдың 80%-ы жоғалды. Қысқа мерзiмдi перспективада химиялық заттарды, пестицидтердi және су ресурсын қарқынды қолдану неғұрлым тиiмдi болып көрiнгенімен шындығында мұндай әдiстер астық түсімін, шығымын, өнiмдiлiктi төмендетедi және тағам өнiмдерiнiң сапасын нашарлатады. Бұдан басқа, шөлейттенуге бастап, шаңды дауылдар жиілеуіне алып келеді.

0 пікір
Мұрағат