Қауіпті жұмыстан бас тартуға рұқсат берілді
Қауіпті жұмыстан бас тартуға рұқсат берілді
3 жыл бұрын 2118 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясында қызметкерлер мен жұмысшылар өз өміріне қауіп төндірген жұмысты орындаудан ресми бас тартуға мүмкіндік беретін құқыққа ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта аталған елдің еңбек кодексіне түзету енгізу туралы тиісті заң өткен жылдың (2021 ж.) маусым айында қабылданған болатын, наурыздың бірінен бастап қолданысқа енді. Аталмыш шара өз кезегінде өндірістегі қауіпсіздікке жаңа қырынан қарауға мүмкіндік бермек. Бұдан былай жұмысшыларға әрбір жұмыс орнындағы қажеттілікке қарай дербес қорғаныс құралдары беріледі. Бұдан бөлекғ бұл бағыттағы заңнамада «жеңіл жарақат» ұғымы пайда болмақ. Дәлірегі, титтей жарақаттың өзі өндірістік тексеру кезінде ескерілетін болады – денсаулыққа аса қатерлі жарақат алу ықтималдылығының алдын алу үшін. 

0 пікір
Мұрағат