Қатерлі сәт жақын қалды...
Қатерлі сәт жақын қалды...
6 жыл бұрын 6823 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран қараша айының бас кезінде енгізілетін  АҚШ санкциясына байланысты мұнай нарығындағы клиенттерінің үштен бірінен айырылып қалды. Тамыз айында Иран азконденсантынан экспортталатын мұнай мөлшері бір жырам жыл ішінде ең төменгі көрсеткішке жеткен - тәулігіне 2,06 млн баррел, ал осыдан 4 ай бұрын бұл көрсеткіш - 3,09 млн баррел болатын. Иран тарапы, дәлірегі, Иранның ұлттық мұнай компаниясы (NIOC) қыркүйектегі партиясында Iranian Heavy сортының бағасын төмендетсе де АҚШ-тан қаймыққан клиенттерін ұстап тұра алмады. Еуропа, Оңтүстік Корея, Жапония соңын ала, тіпті, Қытайдың өзі Иран мұнайынан бас тарта бастады. Қытай тамыз айында 18,4 млн баррелін сатып алған еді. Бұл шілде айында сатып алған мөлшермен салыстырғанда төрттен біріне аз. Ал ЕО-ға тасымалданатын Иран мұнайының мөлшері екі есе құлдырап кетті - наурыз айында 22,2 млн баррел болса, тамызда - 12 млн баррел. Қараша айына қарай Иран мұнайының аса ірі еуропалық клиенттері Total, Eni, Saras, Repsol, Cepsa және Hellenic Petroleum толық бас тартады. Иран мұнайын сатып алудан. Оңтүстік Корея шілде айында-ақ Иран мұнайын сатып алуд тоқтатқан болатын. Ал Жапонияға келсек, тамызда 3,4 млн баррелін ғана сатып алды. Қазан айының орта шенінде Иран мұнайынан толық бас тартады. Күншығыс елі. Тәулігіне 3,5 млн баррел мұнай өндіретін Иран күн сайын 1,2 млн баррелін экспорттау мүмкіндігінен айырылды. Санкцияға байланысты. Иранның ұлттық валютасы - риалдың долларға шаққандағы бағамы сәуір айының бас кезінде 1,7 есеге құлдырап, тамыз айында ең жоғары көрсеткішке жетті - 1 долларға шаққандағы бағамы 102 мың риалға жетті. Иран билігі АҚШ пен Иранға уәде еткендей және кезінде хабарлағанымыздай, күн сайын мұнайдың 17 млн баррелі, мұнай өнімдерінің шамамен 3 пайызы, яғни, әлемдік нарықтың шамамен 30 пайызын құрайтын шикізат тасымалданатын әрі халықаралық су дәлізі болып табылатын, стратегиялық маңызы зор Ормуз бұғазын жаба ма? Мұндай жағдайда алдымен АҚШ емес, Саудия Иранға майдан ашады. Бұл жайында Саудияның энергетика министрі Ибрагим әл-Мухана мәлім етті. Израил де Иранға қарсы ұрыста қарап қалмайтынын мәлімдеп үлгерді. Бұдан бөлек, аталмыш бұғаздан Катардың сұйытылған газы тасымалданады. Шындап келгенде, Иран билігі Ормуз бұғазын жабуға дәті жетпейді. Өйткені, бұл Иранның түбіне жететін әрекетке айналуы мүмкін. Неге дейсіз ғой? Өйткені, бұл бұғаздан Иранның өз мұнайы да тасымалданады. Оның үстіне, аталмыш бұғаздан тасымалданатын мұнай мен мұнай өнімдерінің 80 пайызы Қытай мен оңтүстік шығыс Азия елдеріне, Үндістанға тасымалданады. Бұл бұғазды жапса, Иран АҚШ-тан бөлек, Қытайды да, басқа елдерді де жауықтырып алады. Мұндай стратегиялық қателікке жол бере қоймайды. 

0 пікір
Мұрағат