Қарулы қақтығыс аймағындағы балалар
Қарулы қақтығыс аймағындағы балалар
4 жыл бұрын 2277 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

1982 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы маусым айының 4-і күнін Халықаралық кінәсіз балалар күні етіп жариялады, яғни, агрессия құрбаны болған балалар күні болып бекітілді (International Day of Innocent Children Victims of Aggression). Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде күллі әлем бойынша балалар құқығын қорғаумен айналысатын Save The Children халықаралық ұйымы келтірген дерекке жөн сілтеген Anadolu Agency ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. БҰҰ мәліметіне қарағанда, соңғы 10 жыл ішінде қарулы қақтығыс салдарынан көктей солған және кемтар болып қалған балалар қарасы 93 мыңнан асып кеткен. 2020 жыл – балалар құқығына қатысты заң бұзушылық рекорд орнатты: 2019 ылғы көрсеткішпен салыстырғанда 26 мыңнан аса заң бұзушылық орын алған. 2005 жылдан бері балаларға қатысты ауыр заң бұзушылық саны 250 мыңнан асып кеткен. Палестина, Йемен, Ауғанстан, Сомали, Мали, Ирак, Нигерия,  Судан, Сирия, Орталық Африка республикасы және Конго демократиялық республикасында балалар құқығы жиі бұзылады, яғни, қарулы қақтығыстан, зорлық-зомбылықтан, аштық пен азаптан көз жұмғандар мен мүгедек болғандар қарасы тым көп. 2010 жылдан бері күніне шамамен 25 бала қайтыс болады немесе мүмкіндігі шектеулі жанға айналады. Save The Children есебі бойынша 2020 жылы қарулы қақтығыс аймағындағы балалар қарасы екі пайызға атқан 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, дәлірегі, әлем бойынша қарулы қақтығыс аймағындағы балалар қарасы 160 млн-ға жеткен. БҰҰ мағлұматына сай әлемде 250 мыңға тарта бала қақтығысқа тікелей тартылған. Оларды сарбаз, тыңшы, аспаз, жанкешті ретінде пайдаланған.

0 пікір
Мұрағат