ҚАДЫРОВ: ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚ МЬЯНМАҒА ЫҚПАЛ ЖАСАУЫ КЕРЕК
|
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров халықаралық қауымдастықтар Мьянма республикасында болып жатқан оқиғаларға, Бирма билігі мен рохиньялық мұсылмандар арасындағы жанжалға қарсы ықпал етуі керектігін мәлімдеді. «Мьянмадағы жағдай туралы саясаткерлердің пікірі мен мәлімдемелерін оқып жатырмын. Адамды қорғауға міндеттелгендердің екіжүзділігі мен зұлымдықтарының шегі жоқ адамдар туралы тұжырым жасауға тура келіп отыр! Бұл елдегі соңғы бірнеше жылдардағы көрсетуге, тіпті, айтуға ауыз бармайтын, мүмкін емес оқиғалардан әлем хабардар. Мұндай қатыгездікті адамзат Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бері көрмеді. Екі бірдей соғыстан өткен мына мен айтып отырсам, бір жарым миллион мұсылман-рохиндердің қасіретінің қандай деңгейде екенін ойлай беріңіздер. Бірінші кезекте Мьянмада билік жүргізіп отырған Аун Сан Су Чжи ханым жайлы айта кететін болсам. Ол көп жылдар бойы демократия үшін күрескен адам ретінде танылып келді. Алты жыл бұрын әскерилерді азаматтық үкімет алмастырды, бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын алған Аун Сан Су Чжи билікке келді, артынша этникалық және діни «тазарту» жұмыстарын жасай бастады. Мьянмадағы оқиғалар басқа ешқандай қатыгездіктермен салыстыруға болмайды. Жаппай кісі өлтіру, зорлау, адамдарды тірідей өртеу, мұсылмандарға тиесілі нәрсенің барлығын да жою. Өткен жылдың күзінде мыңнан аса үй, мектеп және мешіт қиратылып, өртелді. Мьянма билігі халықты жойғысы келеді, ал көрші елдер болса «күлкілі» квоталарды енгізіп, босқындарды қабылдамай отыр. Гуманитарлық апат болып жатқанын бүкіл әлем көріп отыр, мұның адамзатқа қарсы ашық қылмыс екенін көріп отыр, Бірақ үнсіз! БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериш Мьянма билігін қатаң сөгудің орнына Бангладештен босқындарды қабылдауды сұрап отыр. Қантөгістің себебімен күресудің орнына салдарын талқылап қана отыр. Ал БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хуссейн Мьянма билігін «әлеуметтік желілердегі қатаң риторика мен қоздырушыларды» жазалауды сұрапты. Бұл күлкілі емес пе? Мьянманың буддист билігі рохинья геноцидін қарулы қарсылыққа қарсы күрес деп ақтап отыр. Зорлық кімнің тарапынан болса да, біз оған қарсымыз. Тағы бір сұрақ бар, тозаққа қудаланып жатқан халыққа басқа қандай таңдау берілді? Шешенстанда біреу түшкірсе бір күнде екі рет мәлімдеме жасайтын ондаған елдің басшылары мен құқыққорғаушы ұйымдар неге үнсіз отыр?» деп жазады Шешенстан президенті Рамзан Қадыров.