Қабыланнан әйелдің күші басым түсті
Қабыланнан әйелдің күші басым түсті
10 жыл бұрын 3665

Үндістанның Уттаракханд штатының Камла Деви есімді 54  жастағы жергілікті тұрғыны екінің бірінің қолынан келмейтін қайсарлық танытып, өзіне тап берген қабыланды жер жастандырды. Жасы жер ортасынан ауған қайсар әйел қабыланмен жарты сағаттай алысқан екен. Басынан бастасақ, елуден асып егде тартқан әйел су алу үшін арықтың жағасына жақындағанда бұта-қарағанның арасынан оған қабылан тап берген. Қолында тек күрек пен орақтан өзге түгі жоқ әйел жыртқышпен алыса кетеді. Қабыланды өлтіргенше өзінің де сау тамтығы қалмайды. Жыртқыштың тырнағынан аман қалған әйелдің басы жарылып, аяғы сынған екен. Қазіргі уақытта ол ауруханада емделіп жатыр. Әйел тұратын Сен Наути елдімекені мұндай жағдай жиі қайталанатын қауіпті аймаққа жатады. Қабылан әлемдегі аса қауіпті бес жануардың бірі. Атап айтқанда, олардың қатарында піл, мүйізтұмсық, арыстан және енеке бар. Әсіресе, жаралы жартқыштың аса қауіпті келетінін ескерсек, әйелдің тірі қалу үшін қанша күш-қайрат жұмсағанын аңғару қиын емес. Оның үстіне, қабылан аса қу жыртқыш болып табылады. Өтірік өлген болып, қимылсыз жатады да адамға тарпа бас салады. Кісі етін жеуге дәніккен жыртқыштардың дені кәрі немесе ауру болып келеді.     

0 пікір
Мұрағат