|
Полицияны робокоптар алмастырады
|
Дубай полициясы құлтемірлердің көмегіне жүгінуді жөн көріп отыр. Олардың айтуынша, робокоптар қоғамдық орындардағы тәртіпті қадағалайды. Робокоптарды 2017 жылы пайдалануды жоспарлап отыр. Аталмыш жобаны толық жүзеге асыру мақсатында робокоптарды 2020 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында өтетін «Ақыл-ойды біріктіріп, болашақты қалыптастырамыз» атты Бүкіл әлемдік көрмеде жұртшылықтың назарына ұсынылады. Робокоптың құрылымы Дубай қаласының полиция басқармасындағы колл-орталыққа қосылған интерактивті экраннан, микрофоннан тұратын болады. Қала тұрғындары мен туристер робокоппен тікелей тілдесе алатын болады. Робокоптардың жұмыс істеу жүйесі толық автоматтандырылатын болады, яғни, адамның басқаруы барынша азайтылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті
■
Таяу Шығыста террористік ұйым деп танылған қозғалысқа Белгияда басқаша баға берілді