Украин тіліне аударылған Құранның тұсаукесері өтті
Украин тіліне аударылған Құранның тұсаукесері өтті
9 жыл бұрын 3006

Өткен аптада, дәлірегі, сәуір айының 23-і күні Киев қаласындағы «Кітап арсеналында» қасиетті Құранның украин тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесері өтті. Жиналған қауым мен оқырман назарына ұсынылған қасиетті Құранды украин тіліне Острож академиясының дінтану кафедрасының доценті, тарих ғылымының кандидаты Михаил Якубович аударғанын айта кету керек. Бұл жайында islam.in.ua ақпарат көзі хабар таратты. Бұл шара осы елде өмір сүріп жатқан жарты миллион мұсылман үшін ғана емес, сонымен қатар, бүкіл украин халқы үшін маңызды оқиға болды. Михаил Якубовичтің айтуынша, қасиетті Құранның бұл нұсқасы украин тіліне түпнұсқа тілден бірінші рет аударылып отыр. Қасиетті кітап сонысымен құнды. Бұрын Құран украин тіліне ағылшыншадан, французшадан немесе орысшадан аударылып келген болатын. Ғалым оны аударуға бес жылын сарп еткен.

0 пікір
Мұрағат