Палестинлық бойжеткенді атып тастады (ВИДЕО)
Палестинлық бойжеткенді атып тастады (ВИДЕО)
9 жыл бұрын 2624

Израилдің Афул қаласында израилдік сарбаздар палестиналық бойжеткенді атып тастады. Израилдік сарбаздардың қолынан мерт болған палестиналық бойжеткен Назарет қаласының тұрғыны болып шықты. Бұл қайғылы жағдай автобус аялдамасында орын алған, бақылау камерасының таспасына тартылып қалған болатын. Видеодан байқағанымыздай, шариғат шәлісін жамылған палестиналық бойжеткенді бақайшағына дейін қаруланған израилдік ондаған сарбаз қоршауға алып, бойжеткенге шешініп, жерге етпетінен жатуға бұйрық берген. Олардың жөнсіз бұйрығын орындаудан бас тартқан палестиналық бойжеткенді тұрған жерінде атып тастайды. Кем дегенде алты оқ шығындаған. Израилдің бұқаралық ақпарат құралдары болған жайтты бұрмалап көрсетіп жатыр: палестиналық бойжеткен қолындағы кездігімен күзетшіге тап беріп, балағаттаған көрінеді. Алайда, бақылау каерасының таспасына тартылып қалған көрініс басқаша. Палестиналық бойжеткеннің қолынан кездік байқалған жоқ. Израилдік сарбаздарға тап бергені былай тұрсын, қорғануға да мұршасы келмеген. Егер израилдік бұқаралық ақпарат құралдарыдағы хабарға сенсек, палестиналық бойжеткен тірі қалған. Қазіргі уақытта емханада жатыр.

 

 

0 пікір
Мұрағат