Пайдаланалытан сим-карта санына шектеу қойылуы мүмкін
Пайдаланалытан сим-карта санына шектеу қойылуы мүмкін
3 жыл бұрын 2301 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының депутаты Олег Матвейчев әр адамға пайдаланылатын сим-карта санына шектеу енгізуді ұсынды. Яғни, бір азаматтың атына ресімделетін телефон нөмірлерінің санын белгілі бір мөлшерден асырмауды бастама етіп көтеріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы RT ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы, дәлірегі, сим-карта арқылы жасалатын алаяқтық фактілерінің алдын алуға бағытталған тиісті хат РФ Цифрландыру министрі Мақсұт Шадаевқа жолданды. Олег Матвейчевтың сөзіне қарағанда, бұқаралық ақпарат құралдарында дилерлік компаниялардың жүгенсіз кеткен қызметкерлерінің еш нәрседен хабары жоқ клиенттердің жеке куәліктеріне сим-карталарды рәсімдейтіні туралы жиі жазылатын болып жүр. Тексере келгенде бұл мобилді нөмірлер алаяқтық мақсатта пайдалануы мүмкін беймәлім өзге адамдардың қолында болып шығады. Елдегі барлық байланыс операторларды қоса алғанда бір адам үш сим-картанада артық пайдаланбауы тиіс, деп есептейді депутат. Ал байланыс операторларын азаматтың өзі таңдайтын құқығын өзінде қалдыруы керек. Бұдан бөлек, Бұдан бөлек, ол ұялы байланыс операторлары үшін бір жеке тұлғаға берілген телефон нөмірлерінің санын есепке алатын бірыңғай ақпараттық жүйе құруды да ұсынып отыр. Осы орайда РФ аумағында 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап байланыс операторларына әрбір сим-картаны пайдаланушы туралы ақпараттарды мемлекеттік деректер базасына енгізуді көздейтін заңның қолданысқа енгенін айты кетпекпіз. Мұндай шара немесе әдіс өз кезегінде пандемия кезінде жауыннан кейін саңрауқұлақша қаптап кеткен алаяқтармен әрі ықтимал террористік ұйымдармен тиімді күресуге мүмкіндік беретінін алға тартып отыр. Десе де сарапшылардың кейбірі аталмыш бастамаға наразылық білдіріп отыр. Олардың айтуынша, мұндай шара арқылы заңсыздықтардың алдын алуды желеу етіп, адамдардың жеке басының ісіне қол сұғып, олардың таңдау құқығын шектейді әрі қадағалауды күшейтеді. 

Ұқсас материалдар:

«Сим-картаны тіркету міндетті болмақ» (https://islam.kz/kk/news/alem/sim-kartany-tirketu-mindetti-bolmaq-16144/#gsc.tab=0);

«Ұялы телефон нөмірін ауыстырғандарға қылмыстық жаза қолданылуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/uyaly-telefon-nomirin-auystyrgandarga-qylmystyq-jaza-qoldanyluy-mumkin-15653/#gsc.tab=0);

«Телефон нөмірін ауыстыруға заңмен тыйым салынуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/telefon-nomirin-auystyruga-zanmen-tyiym-salynuy-mumkin-15132/#gsc.tab=0);

«Саусақ ізімен активацияланбаған телефондар бұғатталады» (https://islam.kz/kk/news/alem/sausaq-izimen-aktivatsiyalanbagan-telefondar-bugattalady-12907/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат