Өзгелерге үлгі көрсетуі үшін коммунистерге үш балаға дейін табуды міндеттемек
Өзгелерге үлгі көрсетуі үшін коммунистерге үш балаға дейін табуды міндеттемек
3 жыл бұрын 2402 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың әлеуметтік желілерінде Қытайдың коммунистік партиясының 95 млн мүшесіне үш баладан таптыруды міндеттейтін мақаланың көшірмесі (скриншоты) кеңінен тарап кетті. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш мақаланың үзіндісі жарияланған South China Morning Post мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал қытайдың осы мақала мәтіні толық жарияланған China Reports Network сайты 5,7 млн интернет пайдаланушы наразылықтарын білдірген жазбасынан кейін мақаланы алып тастаған. Аталған мақала мәтініне сәйкес Қытай билігі елдегі демократиялық дүмпуге серпін беруі, яғни, елдегі туу көрсеткішін арттыру үшін коммунистерді пайдаланатыны жөнінде айтылған. Дегенмен скриншотында «Бірде-бір партия мүшесі үйленбеуі немесе балалы болмауы үшін объективті немесе жеке сылтау айтпауы керек, сондай-ақ, бір-екі баламен шектеліп қалу үшін де ешқандай сылтау айта алмайды», деп жазылған. Аталған аты-шулы мақала елдегі туу көрсеткішінің күрт төмендеп кетуіне байланысты экономиканы көтеруге еңбекке жарамды тұрғындар қарасын арттыруды көздейді. Аталған елде еңбекке жарамды деп 16-59 жас аралығындағы тұрғындар жатқызылады, бұл көрсеткіш соңғы мәлімет бойынша 2020 дылы 890 мың адамға азайып кеткен. Егер бұл тенденция жалғаса беретін болса, еңбек нарығында жұмысшы күші тапшылығы пайда болады, бұл жайт өз кезегінде экономиканы артқа тартады. Оның үстіне, қытай халқы шапшаң қартайып барады. Бүгінде аталған елдегі жасы 60-тан асып кеткен қарттар қарасы 200 млн адамнан асып кеткен. 2030 жылы бұл көрсметкіш 300 млн-ға жетпек. Ал 2050 жылдары Қытайдағы қарттар қарасы жарты млрд-қа жуықтауы мүмкін. Бұл өз кезегінде елдің әлеуметтік саясатына, әсіресе, денсаулық сақтау саласына орасан зор салмақ түсіріп отыр. 

Ұқсас материалдар: 

«Бір отбасына үш балаға дейін дүниеге әкелуге рұқсат етілді» (https://islam.kz/kk/news/alem/bir-otbasyna-ush-balaga-deiin-duniege-akeluge-ruqsat-etildi-15299/#gsc.tab=0); 

«Қытай «бір отбасы – бір бала» саясатынан түбегейлі бас тартпақ» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-bir-otbasy-bir-bala-sayasatynan-tubegeili-bas-tartpaq-14444/#gsc.tab=0); 

"Халық санының кемуі қытай экономикасына кері әсерін тигізе алмайды. Себебі.." (https://islam.kz/kk/news/alem/halyq-sanynyn-kemui-qytai-ekonomikasyna-keri-aserin-tigize-almaidy-sebebi-15295/#gsc.tab=0);

Әлем Қытай халқын көпісініп еді... Қытай халқы азайса, әлемге қандай қауіп төнеді? (https://islam.kz/kk/news/alem/alem-qytai-halqyn-kopisinip-edi-qytai-halqy-azaisa-alemge-qandai-qauip-tonedi-15227/#gsc.tab=0) 

 

 

0 пікір
Мұрағат