«Өзге жыныс өкіліне еліктеуді» араб елінде қылмыстық іс қатарынан алып тастады
«Өзге жыныс өкіліне еліктеуді» араб елінде қылмыстық іс қатарынан алып тастады
3 жыл бұрын 2260 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Кувейттің конституциялық соты өзге жыныс (қыздың ұлға немесе ұлдың қызға еліктеуі) өкіліне еліктегендерге қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті Қылмыстық кодекстен алып тастады. Бұл жайында islam.kz порталы reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш араб елі билігінің бұл қадамына Amnesty International деп аталатын халықаралық құқық қорғау ұйымы қолдау білдіріп отыр. Парсы шығанағы елдері арасында Кувейт осылайша адам құқығы мен бостандығы саласында үлкен жетістік көрсетті деп бағалап отыр. Аталған аймақтағы алғаш рет қабылданған мұндай шешімнің қылмыстық кодекстегі 198-ші баптың конституцияға қайша келетіндігімен түсіндіріп берді конституциялық сот. Негізінде аталған баптың күшін жою туралы шағым осыдан екі жыл бұрын түсірілген – құқық қорғаушылар мұндай баптың медициналық және конституциялық негізі жоғын әрі гормоналды және психологиялық факторларды да ескеру қажеттігін алға тартып, яғни, адамның еркіне тәуелді емес факторлар екенін дәлелдеу арқылы соттың «көзін жеткізген». Amnesty International өкілдері аталмыш бап бойынша бас бостандығынан айырылғандарды бостандыққа шығару керектігін талап етуде.

0 пікір
Мұрағат