Өзбекстанда ерлер мен әйелдердің құқығы заңмен теңестірілді
Өзбекстанда ерлер мен әйелдердің құқығы заңмен теңестірілді
2 жыл бұрын 2211 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан республикасы парламеннтінің төменгі палатасы ерлер мен әйелдерді тең құқылы ететін заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ел парламентінің төменгі палатасының Telegram-арнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл заң жобасында «Әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілдіктері туралы» заңға «гендерлік аудит» және «кешенді гендерлік тәсіл» ұғымдары қамтылған түзетулер енгізу ұйғарылған. Бұл тараптағы тендерлік тексеруді әйелдердің қоғамдағы, гендерлік теңдік пен отбасыдағы рөлін арттыру жөніндегі республикалық комиссия деп аталатын мамандандырылған мекеме жүзеге асырады. «Депутаттардың пікірінше, бұл ұсыныстарды заңнамаға енгізу әйелдер мен ерлер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету тетіктерін күшейтуге қызмет етеді», - делінген хабарламада.

0 пікір
Мұрағат