Отынның бір түріне сұраныс рекордтық деңгейге жетті
Отынның бір түріне сұраныс рекордтық деңгейге жетті
5 ай бұрын 446 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Dominik Vanyi / Unsplash

2023 жылдың қорытындысына қарағанда, ауаны ең ластаушы отын түрі саналатын көмірге деген әлемдік сұраныс 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,4 пайызға өседі – 8,5 млрд тонна, бұл рекордтық көрсеткіш. Бұл жайында islam.kz порталы Халықаралық энергетика агенттігінің сайтына (iea.org) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылардың есебі бойынша көмірге сұраныстың өсуіне Азия елдері себеп болмақ. Отынның бұл түрінің негізгі тұтынушылары - Қытай, Үндістан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы (АСЕАН) елдері, яғни, аталған елдердің көмірге сұранысы жалпы әлемдік сұраныстың төрттен үш бөлігін (шамамен 75 пайыз) құрайды. Сарапшылар Қытай мен Үндістан тарапынан сұраныстың артуы бірқатар факторлармен, соның ішінде электр энергиясына сұраныстың өсуімен және отандық өндірістің әлсіз болса да қалпына келу қарқынымен байланыстырды. Биыл көмір сұранысының өсу қарқыны бойынша Қытай көш бастайды. Бұл елде тұтыну көлемі 4,9 пайызға немесе 220 миллион тоннаға артады. Өз кезегінде Үндістанда бұл көрсеткіш 8 пайызға, яғни, 98 миллион тоннаға артады. Сарапшылардың болжамы бойынша үздік үштікті Индонезия аяқтайды. Бұл елде жыл соңына дейін көмірге деген сұраныс 11 пайызға, яғни, 23 миллион тоннаға артады. Сонымен бірге, отынның бұл түрін тұтыну деңгейі Еуропалық Одақ (-23 пайызға немесе 107 млн тоннаға) пен АҚШ-та (-21пайызғанемесе 95 миллион тоннаға) айтарлықтай төмендейді.

Ұқсас материалдар:

«Көмірді алмастыратын экологиялық зиянсынсыз отын түрі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/komirdi-almastyratyn-ekologiyalyq-ziyansynsyz-otyn-turi-paida-boldy-14336/#gsc.tab=0);

«Әлемнің екінші экономикасы қазбалы отыннан әзірге бас тарта алмайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemnin-ekinshi-ekonomikasy-qazbaly-otynnan-azirge-bas-tarta-almaidy-19201/#gsc.tab=0);

«Жаһандық дағдарысты тереңдететін тағы бір жоба пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-dagdarysty-terendetetin-tagy-bir-joba-paida-boldy-19045/#gsc.tab=0);

«Көмірді тұтыну мөлшері рекордтық деңгейге жеткен» (https://islam.kz/kk/news/alem/komirdi-tutynu-molsheri-rekordtyq-dengeige-jetken-18955/#gsc.tab=0);

«Көмірді пайдаланудан рекорд орнатқан ел» (https://islam.kz/kk/news/alem/komirdi-paidalanudan-rekord-ornatqan-el-16470/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат