Отан үшін жан пида: технологиясын дамыту үшін өздері «күйіп» кетуде
Отан үшін жан пида: технологиясын дамыту үшін өздері «күйіп» кетуде
6 жыл бұрын 2897 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай аз уақытта әлемде технологиясы дамыған елге айналып үлгерді. Бүгінгі экономикаға кен орны емес, технология серпін береді. Тіпті, айналып келгенде ұлттың қауіпсіздігі де жоғары технологиямен тығыз байланысты. Бұл бағыттағы жанталас пен әлем державалары арасындағы тайталас салдарын ең алдымен білікті мамандар тартуда. Бұл арада қытайдың технологиягы меңгерген мамандары тартуда. Қытай геосаясатта ықпалын арттыру үшін білікті кадрларға мұқтаж. Әсіресе, кибер қауіпсіздік, жасанды интеллекті, цифрлы экономика, т.б. салаларда. Өкінішке қарай, мамандар жетіспейді. Бір маман екі немесе үш маманның жұмысын жалғыз өзі атқарады. Технологияны дамытамыз деп тура мағынасында өздері сол технологияның бір тетігі секілді күйіп кетуде. Олар демалуға, жеке өміріне уақыт таппай, заманауи трендтің құрбаны болуда. Бұл жайында South China Morning Post ақпарат көзі дабыл қағыпты. Қытайдың технологиялық компаниялары «996» деп аталатын жұмыс кестесіне көшкен: таңғы сағат тоғыздан кешкі тоғызға дейін, аптасына қатарынан алты күн жұмыс істеуге тура келеді. Десе де TikTok қысқа видео қосымшасымен танымал ByteDance компаниясы аталмыш жұмыс кестесін жұмсартқан екен: 6 мың қызметкерінің көбісі әрбір екінші апта сайын алты күннен жұмыс істейтін болған.

Мерзімінен бұрын көктей солған технологиялық мамандар билік пен қоғамның назарын өзіне аудара бастаған. Мәселен, Tencent интернет алыбынөмірге әкелген Ли Цзюньмин 2015 жылы әйелімен серуендеп жүріп... «жүріп» кеткен. Арада бір жыл өткен соң Tianya ондайн-фоурмның бас редакторы, 34 жастағы Цзинь Бо Бейжіңдегі метрода жүрек талмасынан бақилық болды. Өткен жылы Шэньчжэндегі дрон құрастыратын DJI компаниясының 25 жастағы қызметкерінің жүрегі соғуын тоқтатты. Кенеттен. Қытайдың технология саласының мамандары осылайша отызға жетпей опат болуда.

Бір айта кетерлігі, жұмыс пен жеке өмір арасындағы шекара сызығы компаниялардың қызметкерлеріне көрсететін жеңілдіктерімен шайылып кетуде: тегін тағам, тегін жүріп-тұруға жағдай жасау, тегін жаттығу залы, тегін шаштараз, тегін массаж, т.б. 

Десе де мұндай жеңілдіктер мамандардың өмірін жеңілде алмайды. Мәселен, Силиконды жазықтағы техникалық қызметкерлер қызметінің орташа мерзімі 3,65 жылды құраса, технологиялық фирмаларда бұл көрсеткіш 2,6 жылдан аспайды.

0 пікір
Мұрағат