Ота жасалатын бөлмелерде видеобақылау камерасын орнатуды қарастыратын заң жобасы мақұлданды
Ота жасалатын бөлмелерде видеобақылау камерасын орнатуды қарастыратын заң жобасы мақұлданды
3 жыл бұрын 1706 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан екі ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Ота жасалатын бөлмелерде видеобақылау камерасын орнатуды жақтайтындар көбейіп келеді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/ota-jasalatyn-bolmelerde-videobaqylau-kamerasyn-ornatudy-jaqtaityndar-kobeiip-keledi-15401/#gsc.tab=0) Оңтүстік Коеряда бұл тарапта әлеуметтік сауалнама жүргізілгенін әрі аталған сауалнама нәтижесі бойынша мұндай тәжірибені қолданысқа енгізуді жақтайтындар қарасы көбейгенін жазғанбыз. Ақыры осыған қатысты заң жобасы Оңтүстік кореяның денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі комитет тарапынан мақұлданып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы KBS ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасы пациенттерді дәрігерлердің салғырттығынан қорғап қоймай, сонымен қатар, отаны қателік жіберсе, науқастың өмірін қиюы мүмкін біліктілігі төмен мамандардың ота жасауына тосқауыл қояды. Заң жобасына енгізілген бұл түзетуге сәйкес ота жүргізілген медициналық мекемелер аталған медициналық процедураны пациенттің немесе оның қамқоршысының өтініші бойынша видеоформатқа жазып, кем дегенде 30 күн сақтауы тиіс. Десе де корей дәрігерлерінің көбісі бұл заң жобасына наразылық білдіріп отыр. Олардың айтуынша, аталмыш заң жобасы пациент пен дәрігер арасындағы сенімге сызат түсіреді – мыс. Көп ұзамай бұл заң жобасы парламент тарапынан дауысқа салынады.

0 пікір
Мұрағат