Экологиялық таза өнімдер адам ғұмырын 25 пайызға ұзартты
Экологиялық таза өнімдер адам ғұмырын 25 пайызға ұзартты
1 жыл бұрын 624 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі Гарвард мамандары экологиялық жағынан таза өнімдердің адам ғұмырын 25 пайызға ұзартатынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Medical Xpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бостон қаласында таяуда өткен NUTRITION 2023 алқалы жиынында нәтижесі айтылған бұл зерттеу бойынша кейбір тағамдар денсаулыққа да, қоршаған ортаға да пайдалы болуы мүмкін (дән-дәнек, жеміс-жидек, крахмалы жоқ көкөністер, жаңғақ түрлері және қанықпаған майлар), ал басқалары зиянды болуы мүмкін (жұмыртқа, қызыл және өңделген ет). Соның ішінде өсімдік негізіндегі тағамдар сусамыр, инсульт, жүрек, т.б. созылмалы аурулар қатерін төмендетеді. Дәлірегі, қатерлі ісік немесе жүрек-қан тамыр ауруларына байланысты қысқа өмір сүру қаупі 15 пайызға, нейродегенеративті ауруларға байланысты 20 пайызға және тыныс алу жолдарының ауруларына байланысты 50 пайызға төмен болды. Бұған қоса, өсімдік негізіндегі азық-түлік өндірісінің қоршаған ортаға тигізер кері әсері аз болып келеді.

0 пікір
Мұрағат