Орта Азиядағы екі елдің жер дауына біржола нүкте қойылды
Орта Азиядағы екі елдің жер дауына біржола нүкте қойылды
7 күн бұрын 577 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Эламан Карымшаков / Sputnik / РИА Новости

Қырғызстан мен Тәжікстан аумақтық тұтастыққа қатысты мәселеге түбегейлі нүкте қойды. Аталған  көрші елдердің «бас ауруына» айналған, талай қақтығысқа себеп болған жер дауы екі тараптың келісімен біржола шешімін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қырғыздардың министрлер кабинетінің хабарламасына сәйкес елдің оңтүстігінде таяуда екі елдің арнайы қызмет өкілдері мен үкімет мүшелері арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау жөнінде жиын өткен. Енді қортынды құжатқа қол қойылады. Мыңдаған шақырымға созылып жатқан екі ел арасындағы шекара маңында даулы аймақ жергілікті тұрғындардың және шекарашылар арасындағы қақтығысқа түрткі болып келген еді. Орта Азиядағы жер және су мәселесі көрші елдер арасында жиі талас-тартысқа себеп болып жатады. Кішігірім қақтығыстардың өзі үлкен соғысқа ұласу қаупі болғанын да жоққа шығаруға болмайды. Тек дипломатиялық жолмен шешімін тауып келеді.

0 пікір
Мұрағат