Оңтүстік-шығыс Азия бойынша мұсылмандар елі қарулы күштер рейтингісінде көш бастады
Оңтүстік-шығыс Азия бойынша мұсылмандар елі қарулы күштер рейтингісінде көш бастады
4 жыл бұрын 3219 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Global Firepower 2021 жылғы қарулы күштері мықты елдер тізімін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Sindonews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш тізімде мұсылмандар қарасы 215 млн-ға жетеғабыл (88 %) Индонезия орыннан көрінген екен. Биыл аталған ел бұл тізімде Саудияны (17-ші орын), Израилді (20-шы орын) артқа тастаған. Биыл да Индонезияның қарулану деңгейі Оңтүстік-шығыс Азия аймағы бойынша бірінші орыннан көрініп, көш бастады. Вьетнам – 24-ші позицияда, Сингапур — 40, ал тағы бір мұсылман елі, яғни, Малайзия — 44 орын. Ал жалпы рейтингте АҚШ қарулы күштері көш бастаған, одан кейінгі орынға Ресей мен Қытай жайғасқан. Ондық құрамына Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Бразилия және Пәкістан кірген. Соңғы үш орында Бутан, Либерия және Сомали тұр. Global Firepower рейтингісінде қандай да бір елдің қарулы күштерінің әлеуеті мен қорғаныс қабілетін сараптағанда 50-ден аса факторды қаперге алады – қарылық жағдайынан бастап, географиялық мүмкіндігіне дейін ескереді.

0 пікір
Мұрағат