Оңтүстік Кореяда хикикоморидің ата-аналары қоғамнан оқшауланатын болды
Оңтүстік Кореяда хикикоморидің ата-аналары қоғамнан оқшауланатын болды
5 ай бұрын 670 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Корея билігі хикикоморидің (түрлі себептермен, соның ішінде буллингтің кесірінен әлеуметтік өмірден бас тартып, уақытының көп бөлігін үйде өткізетін жасөспірімдер) ата-аналарына арналған оқыту бағдарламасын бастады. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таңғы шық елі билігінің мұндай қадамға баруына соңғы жылдары етек алған, дәлірегі, әлеуметтік дертке айналған жасөспірімдер арасындағы қоғамнан оқшаулану тенденциясы түрткі болып отыр. Бұл бағыттағы бағдарлама мақсаты ата-аналарға балаларын түсінуге көмектесуге саяды. Бағдарламаға сәйкес «Бақыт фабрикасы» деп аталатын ұғым аясында хикиморидің ата-аналары үш күн бойы үйден шықпайды. Хикиморидің ата-аналарды телефондар мен ноутбуктерді пайдалануға тыйым салынған шағын бөлмелерге қамап, сыртынан құлыптайды және олардың әлеммен жалғыз байланысы тамақ өткізуге арналған кішкене тесік арқылы қамтамасыз етіледі. Осы тұста өткен жылы Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау министрлігінің 19 бен 34 жас аралығындағы 15 мың адам арасында сауалнама жүргізіп, олардың 5 пайыздан астамы әлемнен оқшауланғанын анықтағанын айта кетпекпіз. Көбінесе жастар мұндай ессіз шешімді жұмысқа орналасудағы қиындықтарға, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы түсінбеушіліктерге, отбасындағы мәселелерге және денсаулыққа байланысты байланысты қабылдайды. Ал 2023 жылы The Guardian дерек көзі хабарлағандай, таңғы шық елінің гендерлік теңдік және отбасы министрлігі 9-24 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік оқшаулаудан шығуы үшін айына 650 мың вон (корейлердің төл ақшасы) төлей бастаған. Тағы бір мәліметке қарағанда, 19-39 жас аралығындағы 350 мыңға жуық адам жалғыз тұрады және басқа адамдармен байланыста болмайды – бұл жастардың шамамен 3%-ын құрайды. Олардың көпшілігі жұмыс істемейтін отбасыларда дүниеге келген, жартысы жасөспірім кезінде тұйықталып, дүниеден баз кешкен. Билік, сонымен қатар, хикикомориге жұмыс табуға, білім алуға және медициналық көмек алуға көмектеседі. Сыртқы түр-тұлғасы мен бет-жүзіндегі тыртықтан қорынатындарға дейін жәрдем еру шаралары қарастырылған. Осылайша олардың қоғаммен етене араласуына барынша жағдай жасайды. Сондай-ақ, мұндай жасөспірімдер мәдени шараларға барғаны үшін қосымша жәрдемақы алады.

0 пікір
Мұрағат