Оңтүстік Корея жастары 30 жылда тең жартыға азаяды
Оңтүстік Корея жастары 30 жылда тең жартыға азаяды
1 жыл бұрын 973 inform.kz Балнұр Қожагелді

Корея статистика агенттігінің болжамы бойынша, тұрғындардың тез қартайып, туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты оңтүстіккореялықтар жастар саны 30 жылда екі есеге азаяды. Kazinform бұл туралы Yonhap агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кореяда 19-34 жас аралығындағы адамдар саны 2020 жылы 10,21 млн болған. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 5,21 млн адамға дейін азаяды деген болжам бар.

2020 жылы жастардың үлесі 20,4% болған, бірақ 2050 жылға 11%-ке дейін төмендеуі мүмкін, деп атап өтті агенттік.

Кейінгі онжылдықта осы жас санатындағылар арасында үйленбеген жігіттер мен тұрмысқа шықпаған қыздар саны артып отырды. 2020 жылы 7,84 млн жас некеге тұрмаған, бұл – осы жастағы тұрғындардың 81,5%-і. Көрсеткіш 2000 жылы 54,5%, 2010 жылы 68,9% болды.

Сонымен қатар Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін әйелдер саны артты. Олардың үлесі 2000 жылы 42,3%-тен 2020 жылы 61,1%-ке дейін көбейді.

Туу көрсеткіші 2023 жылы рекордтық төмен нәтиже - 0,7 көрсетті.

0 пікір
Мұрағат