|
Ең дәмді тағамның құпиясы айтылды
|
Адам үшін ең дәмді тағамға құрамында май мен көмірсулар мөлшері бірдей тағам жатады. Бұл жайында islam.kz порталы Appetite мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Керісінше майлы тағамдар дәмді болады деген кеңінен тараған жаңсақ түсінік қалыптасқан. Ұлыбританиядағы Бристол университетінің ғалымдары осындай қорытындығ келіпті. Бұл бағыттағы зерттеуге 224 адам тартылған екен. Ғалымдар бұл тарапта тағамды таңдауда адамдардың ас-ауқаттың қандай сапасына артықшылық беретінін анықтауға талпынған: құнары, өңдеуден өтуі немесе май мен көмірсулар арақатынасы. Ғалымдар осы зерттеуі арқылы тамақтанудың жаңа стратегиясын әзірлеп, семіздік індетімен күреспекші.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді