Қан тамырларындағы микророботтардың «байланысы» үшін прототиптік жүйе әзірленді
Қан тамырларындағы микророботтардың «байланысы» үшін прототиптік жүйе әзірленді
5 ай бұрын 655 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ecole Polytechnique Federale de Lausanne (EPFL, Лозанна федералды политехникалық мектебі) ғалымдары биомолекулалық байланысқа негізделген және микроскопиялық боттар мен имплантаттар арасында тірі организмде ақпарат алмасуға арналған жүйенің прототипін жұртшылық назарына ұсынды. Аталмыш технология бірге әрекет ететін құрылғылардың қосылған желісін құруға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы dl.acm.org сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндағы мақсат микро немесе нанороботтардың қанға белгілі бір молекулаларды шығару арқылы өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беруге саяды. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Хайтам әл Хасан биомолекулалық байланыс наноимпланттарды желіге қосу үшін ең қолайлы парадигма ретінде пайда болғанын алға тартып отыр. Оның айтуынша, ғалымдар деректерді қан арқылы өтетін молекулаларға кодтау арқылы жібере алады және роботтармен байланысып, оларға қайда бару керектігін және дәрі-дәрмектерді қашан енгізу керектігін "айта алады". Ғалымдар молекулалық желілерде жұмыс істеуі үшін пакеттерді анықтау, арналарды бағалау және кодтау (құпиялау) және декодтау (құпиясын ашу) схемалары сияқты электрондық байланыс әдістерін өзгертіп көрген екен. Бұл жаңалық арнаның тұрақсыздығы, синхрондау мен кері байланыстың болмауы сияқты биологиямен байланысты кедергілерді еңсеруге көмектескен.

0 пікір
Мұрағат