Он жыл шамасында жыл сайынғы табиғи апаттар 40%-ға артады
Он жыл шамасында жыл сайынғы табиғи апаттар 40%-ға артады
3 жыл бұрын 2194 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2030 жылға дейін әлем бойынша табиғи апаттар саны жылына 400-ден 560-қа дейін, яғни, 40%-ға артады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының апат қаупін азайту жөніндегі басқармасының есебінде келтірілген дерекке жөн сілтеген АР ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, төтенше аптап ыстық толқыны үш есеге артады бастапқы нөлдік деңгейімен салыстырғанда. Ал құрғақшылық маусымы үштен бірге артады. Бұл табиғи апаттар әлемдегі азық-түлік пен ауызсу тапшылығын арттырады. Бұдан бөлек, адамзаттың пандемияның жаңа түрімен бетпе-келу қатерін арттырады. Дәлірегі, табиғи апаттарға байланысты осы уақытқа дейін белгісіз болып келген жұқпалы індет ошақтары пайда болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды ғалымдар. Салыстыру үшін алсақ, 1970-2000 дылдар аралығында жыл сайын жер бетінде ірі және орташа 90-100 табиғи апаттар болған болса, 1990-шы жылы табиғи апаттардан адамзатқа 70 млрд доллар шығын келген, бұл көрсеткіш 2021 жылы 170 млрд долларға жеткен. Бұдан бөлек, БҰҰ сарапшылары соңғы жылдары табиғи апаттардан болатын өлім-жітім көрсеткішінің күрт өсуінен алаңдап отыр. Сірә, бұл тенденция табиғи апаттар бола қоймайтын өңірлерде де орын алуымен, яғни, тұрғындарды дер кезінде ескертіп, хабарлап отыратын жүйемен жадықталмауынан әрі төтенше жағдайлардан қорғайтын инфрақұрылымның болмауынан орын алып отыр. БҰҰ мәліметі бойынша соңғы жарты ғасыр ішінде климат дағдарысынан екі миллионнан аса адам опат болған.

0 пікір
Мұрағат