Өлім-жітім рейтингісі жарияланды
Өлім-жітім рейтингісі жарияланды
2 жыл бұрын 2743 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Тамыз айында аса беделді The World Factbook анықтамасының 2022 жылдың әлемнің әр елі бойынша өлім-жітім деңгейіне қатысты зерттеу нәтижесі жарияланды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш рейтинг халықтың 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім көрсеткішін есептеуге негізделген. Өлім көрсеткіші ең жоғары елдер – демографиялық апатты бастан өткеріп жатқан Сербия (16,39), Румыния (15,26) және Литва (15,12) елдер бұл тарапта көш бастаған. ТМД елдері арасында бұл рейтингте Украина (13,77), Ресей (13,36) және Беларус (12,88), Молдова (12.47). алғашқы ондыққа кірген. Өзбекстан (5,41) және Тәжікстан (5,72) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастық құрамында ең гүлденген елдер болып шықты. Өлім деңгейі ең төмен ел – Катар (1,42). Сауд Арабиясында 1000 адамға шаққанда - 3,42. Иранда – 5,17. Түркияда – 6.05. Бір таңқаларлығы, соғыстан көз ашпаған, табиғи апаттар жиі орын алатын, кедейлік шегі шарықтау шегіне жеткен Ирактағы өлім-жітім деңгейі Еуропадағы бұл көрсеткіштен көп төмен болып шықты. Иракта өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда – 3,9. Тәжікстанның бас геронтологы өлім-жітімге ықпал ететін негізгі факторларды атады. Солардың бірі – генетикалық фактор немесе тұқым қуалайтын аурулардан болатын өлім-жітім; Екіншісі – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен арнайы бағдарлама бойынша саламатты өмір салтын ұстанбаудан болатын өлім-жітім. Соның ішінде жасы ұлғайған адамдардың белсенді дене қимылы мен шеттеп қалмай, қоғамдық өмірге араласуы, т.б. факторлар.

0 пікір
Мұрағат