Өлген соң бар жиған-тергенін ұрпағынан бұрын ұлтына тастап кететіндердің қарасы көбейіп келеді
|
Жапония тұрғындарының 20%-дан астамы өздерінің бар жиған-терген байлығы мен дүние-мүлкінің қоғам иглігіне жаратылуын көздейді. Күншығыс елінің ұлттық салық агенттігі таяуды жүргізген сауалнама нәтижесі осыны көрсетті. Дәлірегі, аталған агенттік 50-70 жас аралығындағы азаматтар, яғни, бейнелеп айтқанда, төрінен гөрі көрі жақын тұрғындар арасында осы тақырыпта сауалнама жүргізген екен. Сауалнамаға 1000 адам тартылған. Респонденттердің 22,9%-ы өздерінің дәулетін қайырымдылық қорларына табысталғанын қалайды. Ал 57,6%-ы тұтас қоғамға қалдыруды құп көріп отырса, 17%-ы дүние-мүлкі мен қаражатын нақты бір адресі бар нақты мекемелерге өсиет етіп кететінін мәлімдеген. Агенттік өкілі келтірген дерекке қарағанда, самурайлар елінде қайырымдылық шараларына аударылатын қаражаттың мөлшері жылдан жылға артып келе жатыр.