|
Нидерланды әлемде алғашқы болып жасанды ет дегустациясын заңдастырды
|
Нидерланды билігі қолдан ет өсірумен, яғни, жасанды ет өндірісімен айналысатын сала өкілдерімен қолдан өсірілетін ет дегустациясының ережесін келісе отырып бекітті. Бұл жайында islam.kz порталы Gismeteo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аталған еуропалық елдің министрлер кабинеті Meatable және Mosa Meat компанияларымен бірге жасанды еттен сынама алу процесін реттейтін кодекс әзірледі. Бұл бағытта әзірленген ереже талаптарына сәйкес қолдан өсірілген еттің дәмін татып көру процедурасы тек Cellular Agriculture Netherlands мемлекеттік ұйымының қадағалауымен жүзеге асырылады. Бұл ұйымның мақсаты елдегі жасушалы ауыл шаруашылығын дамытуға және қолдауға саяды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Иран алғаш рет жасырын, реактивті жойғыш дронын ұшырды (видео)