Netflix компаниясына араб әлемі қатаң талап қойды
Netflix компаниясына араб әлемі қатаң талап қойды
2 жыл бұрын 1452 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Парсы шығанағы елдері әлемге әйгілі Netflix компаниясына (Netflix – фильмдер мен сериалдарды ағымдық мультимедиа (стриминг) арқылы көрермен назарына ұсынып отырған америкалық компания) дәстүрлі емес төсек қатынасын дәріптейтін, дәлірегі, ислам құндылығы мен қағидаларына қайша келетін контенттерді жоюды талап етіп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудия билігі Netflix  компаниясын «ЛГБТ-ның ресми демеушісі» деп аайыптады. Саудия мен Біріккен Араб Әмірлігінің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған бұл бағыттағы мәлімдемеде айтылғандай, өнегесіз контенттерді көрермен назарына ұсынуды жалғастыратын болса, аталмыш компанияға қарсы заңды шаралар қолданылады. Араб елдерінің бірлескен бұлмәлімдемесінде жарияланған ескерту нақты қандай контенттер екені көрсетілмегенімен, балаларға бағытталған соңғы бағдарламаларға сілтеме жасалған. Бұл ескертуге Бахрейн, Кувейт, Оман және Катар мемлекеттері қосылған.

0 пікір
Мұрағат