Немістер де жапондардың кебін киеді. Бар үміт - босқындарда
Немістер де жапондардың кебін киеді. Бар үміт - босқындарда
7 жыл бұрын 3954 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германия кәрі құрлықтағы аса ірі дамыған ел. Барлық жағынан. Тек, халқы шапшаң қартайып бара жатқаны болмаса. 2050 жылға қарай Германия тұрғындарының 40%-ын 60 жастан асқандар құрайтын болады. 2030 жылы мигранттардың келуі тоқтаса, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 3-4 пайыздан аспайды. Соңғы екі жылда Таяу Шығыстан келген 1,2 млн босқындарға қарамастан Германия халқы бәрібір азаяды. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегі бойынша Еуропадағы экономикасы өркендеген, бүгінгі таңда халқының саны 82 млн адамды құрайтын Германия 2050 жылға қарай күрт кеміп, халық саны 75 млн адамға дейін кемиді. 

Халықтың қартаюына байланысты есесіне барлық салада жұмысшы күші жетіспейтін болады. Әсіресе, қарт адамдарға қарайтын күтушілерге, дәрігерлерге, медбикелерге сұраныс артады. Тіпті, қазіргі уақытта да бұл мәселе түйткілге айналып үлгерген. Қарт адамдарды күту үшін Euro-Schulen оқу орталығы шалғайдағы Вьетнамға қолқа салған. Ханоеде неміс тілін үйренген 16 жас вьетнамдық Германияға аттанған. Мұндай бағдарламаны Қытаймен де бірігіп ұйымдастырып отыр. Бар үміт - босқындарда. Алайда, неміс тілін білмеуі, технологиядан хабарсыз болуы, ең бастысы  ұлттық және діни ерекшелік неміс экономикасына олардың үлес қосуына үлкен кедергі болуда. 2030 жылға қарай Германияда 5-7 млн жұмысшы күші жетіспейтін болады. Бүгінгі таңда батыс елдерімен салыстырғанда Германиядағы еңбек өнімділігі 20%-ға төмендеп кеткен. 

 
0 пікір
Мұрағат