Мысырлықтардың уайымы наразылыққа ұласып барады
Мысырлықтардың уайымы наразылыққа ұласып барады
2 жыл бұрын 948 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мысырдың ұлттық байлығы саналатын Суэц каналына жаңа заңға сәйкес жекешелендіру қаупі төніп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы euronews.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Десе де пирамидалар елінің билігі 1956 жылы ұлт меншігі деп танылған каналдың шетелдік инвесторлардың қолына өтіп кету ықтималдылығы жоғары екенін алға тартқан сарапшылардың күдігін негізсіз, деп отыр. Таяуда Мысыр парламенті Суэц каналы қорын құру туралы заң жобасына принципті түрде келісімін берді, құжат бойынша «инвестициялық компанияларды құру, сатып алу, сату, лизингке беру және облигациялар [мемлекеттік несиелер] шығару сияқты экономикалық қызметтің әртүрлі түрлерін жүзеге асыра алады". Биліктің ұстанымы қоғамның наразылығын тудырып отыр, дәлірегі, мысырлықтар Суэц каналына қатысты Мысыр тәуелсіздігіне қатер төнді, деп есептейді. Қазіргі уақытта Мысыр экономикасы шатқаяқтап тұр – сыртқы қарыз мөлшері 150 млрд долларға жеткен, экономикасы қарызды жабуға қызмет етіп жатыр, кесірінен жергілікті валюта соңғы 9 айда 57%-ға құнсызданған. Суэц каналы басқармасының (SCA) басшысы Осама Рәби елдегі стратегиялық теңіз артериясының сатылмайтынын мәлімдеді. Дүниежүзілік сауданың шамамен 10%-ы өтетін Суэц каналы Мысыр қазынасының негізгі кіріс көздерінің бірі. Дегенмен, SCA-ның бұрынғы басшысы Мұхаб Мамиш жаңа заң жобасы «каналды шетелдіктердің басқаруына мүмкіндік беріп, бұрын-соңды болмаған өзгерістерге жол ашады» деп санайды. Шетелдік инвесторлар «ондаған жылдар бойы қалыптасқан және рекордтық пайда әкелген жүйені өзгерте алады», - деді ол жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында. Сөз орайы келгенде 2022 жылы Суэц каналы 7 млрд доллар пайда түсіргенін айта кету керек.

Ұқсас материалдар:

«Мысыр Суэц каналынан 2022 жылы рекордтық табыс тапты» (https://www.islam.kz/kk/news/alem/mysyr-suets-kanalynan-2022-jyly-rekordtyq-tabys-tapty-17904/#gsc.tab=0);

«Таяу Шығыс каналының табысы рекорд орнатты» (https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygys-kanalynyn-tabysy-rekord-ornatty-16707/#gsc.tab=0);

«Жаңа геосаяси жағдай Мысыр экономикасына қаншалықты әсер етеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/jana-geosayasi-jagdai-mysyr-ekonomikasyna-qanshalyqty-aser-etedi-11017/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат