Мысыр халқы 8 ай ішінде бір млн адамға көбейген
Мысыр халқы 8 ай ішінде бір млн адамға көбейген
2 жыл бұрын 1835 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: thearabweekly.com

Мысыр азаматтарының қарасы айналдырған 8 ай ішінде 1 млн адамға артқан. Осылайша пирамидалар елі тұрғындарының жалпы саны 105 млн-нан асты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің статистикалық бюросы келтірген дерекке жөн сілтеген newsru.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мысыр – Таяу шығыс аймағындағы халқының саны бойынша алғашқы орында, ал күллі Африка құрлығы бойынша үшінші орында тұрған ел. Соңғы он жылда елде демографиялық дүмпу орын алып, 1990 жылдан бері екі есеге артқан. Алайда, ел экономикасы мұндай демографиялық қарқынға төтеп бере алар емес, дәлірегі, осынша адамды асырауға қауқар таныта алмай отыр. Табысы күнкөрісінен артылмайтын немесе жетпейтін кедей адамдар қарасы көбейген. Осыны ескерген ел билігі халық өсімін тежеу үшін түрлі шаралар қабылдауда. Мәселен, отбасын жоспралау ұғымын насихаттауға көшкен. 1960 жылдары бір отбасына 6 баладан келсе, 1990 жылдары 3,7 балаға дейін төмендеген туу коэффициенті осы уақыттан бері төмендеін тоқтатқан.

Оқи отырыңыз:

«Жаңа геосаяси жағдай Мысыр экономикасына қаншалықты әсер етеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/jana-geosayasi-jagdai-mysyr-ekonomikasyna-qanshalyqty-aser-etedi-11017/#gsc.tab=0);

«Араб әлемінде халқының саны бойынша бірінші орынға шыққан ел» (https://www.islam.kz/kk/news/alem/arab-aleminde-halqynyn-sany-boiynsha-birinshi-orynga-shyqqan-el-13173/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат