Мұсылмандарға қарағанда дінсіздер жұмысқа оңай қабылданады
Мұсылмандарға қарағанда дінсіздер жұмысқа оңай қабылданады
11 жыл бұрын 3862

Жуырда АҚШ-та жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесіне қарағанда, осы елдегі мұсылмандарға қарағанда дінсіздердің және наным-сенімі өзге тұрғындардың жұмысқа тұру мүмкіндігі жоғары болып шыққан. Коннектикута университетінің зерттеушілері бірнеше мыңдаған резюме дайындап, жұмыс берушілерге жөнелткен екен. Резюмеде «жұмысқа тұрғысы келген» адамның қандай дінді ұстанатыны немесе ешбір дінді мойындамайтыны көрсетілген. Зерттеушілер, тіпті, өмірде жоқ дінді ойлап тауып, оған «валлонизм» деген ат қойып, айдар таққан. Қызық болғанда, ойдан шығарылған осынау «дінді» ұстанатындарға жұмыс берушілер сирек хабарласқан екен өзге діндегілерге қарағанда. Ең қызығы, зерттеушілерді жұмыс берушілердің дінсіздерді қолай көретіні таңқалдырған. Ал қандай да бір дінді ұстанатындарға хабарласу көрсеткіші 29 пайызға кем болған. Қынжылтатын тұсы – еңбек нарығында мұсылмандардың жиі кемсітушілікке ұшырайтыны. Оңтүстік штаттарда жұмыс берушілер мұсылмандарға электронды пошта арқылы 38 пайызға кем, ал телефон арқылы 54 пайызға кем хабарласқан дінсіздермен салыстырғанда. Салыстыру үшін айта кетсек, дінсіздерге 27 пайызға, ал католиктерге 29 пайызға кем хабарласқан.

0 пікір
Мұрағат