Мұсылмандар мешітті өртеген адамды кешірді
Мұсылмандар мешітті өртеген адамды кешірді
10 жыл бұрын 3737

АҚШ-тың Техас штатына қарасты Хьюстон қаласындағы ислам орталығының отқа оранып, түгі қалмай жанып кеткендігі турасында осыдан екі-үш күн бұрын өздеріңізге хабарлаған едік. Аталмыш елді-мекендегі мұсылмандардың құлшылық үйін өртеген қаскүнемнің үй-күйі жоқ, 56 жастағы Дарилла Фергюссон есімді бомж екені белгілі болды. Жергілікті мұсылман жамағатының жетекшілері кешірді. Тек кешіріп қана қоймай, оған тағылған айыпты алып тастауды сұрап отыр тәртіп сақшыларынан. Бұл жайында Houston Chronicle ақпарат көзі хабар таратты. «Біз кешірімділікті ұдайы насихаттаймыз. Алла тағала кешірімді және бізден де осыны талап етеді»,- деді неліктен мұндай кеңпейілділікке барғанын түсіндірген мешіт имаманың көмекшісі Ақсан Заһид. Ол 200 000 доллар мөлшерінде заалал келтірсе де мұсылмандардың кешірім беруіне байланысты оның үстінен қозғалған қылмыстық іс жабылды.

 

Болгария мұсылмандары: вандалдар неге жазаланбайды?

Болгариядағы исламафоб вандалдар Благоевград қаласындағы мүфтият ғимаратының кіреберісінде мұсылмандардың ар-намысына тиетін сөздер жазып кеткен. Осымен бір емес, бірнеше рет қайталанып отырған мұндай сорақылық жайында тиісті орындарға шағымданғанмен вандалдарға шара қолданылмаған. Нақтырақ айтқанда, олар келтірген залал ең төменгі бір айлық жалақы мөлшеріне жетпейтінін желеу етіп, жергілікті билік вандалдарды жазалаудан бас тартып отыр. Бұл жайында “Анадолы» ақпарат көзі хабар таратты. Мүфтият өкілі нәсілдік әрі исламофиялық шабуылдардың жиі қайталанып, жүйелі сипат алғанына алаңдаушылық білдірді. Нақты санмен өрнектесек, соңғы ширек ғасырда, яғни, жиырма бес жылдың ішінде мешіттерге 250-ден аса шабуыл жасалған екен. Айта кету керек, 7,3 млн халқы бар Болгарияда 1,5 млн мұсыылман жамағаты өмір сүріп жатыр.

 

Марселдегі мешіттің құрылысы неге кешіктірілуде?

Францияның Парижден кейінгі үлкен қала болып саналатын Марсел қаласындағы мешіт құрылысының әлі күнге басталмай, қайта-қайта кейінге шегерілуі, яғни, аттай жиырма жылға кешіктірілуі 250 мың адамды құрайтын жергілікті мұсылман жамағатының алаңдаушылығын тудырып отыр. Мұсылмандардың аталмыш құлшылық үйі қаланың солтүстік жағындағы Санкт-Луи бөлігінде салынуы тиіс болатын. Мешіт құрыылысына қатысты жоба билік тарапынан мақұлданып, бекітілгенімен «Ұлттыық майдан» деп аталатын оңшыл партия белсенділері бұл жобаға үзілді-кесілді қарсы шықты. Яғни, қала билігі белгілеген жалдау ақысының төмен екендігін желеу етіп, мемлекеттің дінге қолдау білдіруіне қатысты салынған тыйымнан аттады деп айыптап отыр. «Ұлттық майдан» белсенділерінің екпінінен жасқанған соттың жалдау ақысын айынан 350 доллардан 2000 доллаарға дейін көтергеніне байланысты мұсылмандар қаржының тапшылығынан аталған мақсаттарына қол жеткізе алмай отыр

2 пікір
  • неткен опасыздық бірі мешітті өртейді басқалары мешіттің салынуына кедергі жасайды бұл имансыздар мұсылмандарға қастық жасауын тоқтатпас сірә Аллаһ жазасын берсін
    10 жыл бұрын
  • Арсыздар,не деген хаюандык,Мешитти ортегени неси
    10 жыл бұрын
Мұрағат