Мұсылман сәні арқылы экономикасын дамытуға ден қойған ел
Мұсылман сәні арқылы экономикасын дамытуға ден қойған ел
3 жыл бұрын 1617 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемнің көптеген елдері климаты мен географиялық орналасқан орнының артықшылықтарын немесе елде кеңінен қалыптасқан адамзатқа ортақ құндылықтарды пайданың көзіне айналдырып отыр. Соның бір жарқын мысалы – жан-жағын теңіз қоршап жатқан Түркияның осы артықшылығын пайдаланып, туризм саласын жолға қойды, нәтижесінде әлемдегі туристер ағылып баратын елге айналды. Жыл сайын (бұл арада пандемия басталмай тұрған 2020 жылға дейінгі, дәлірегі, 2019 жылғы көрсеткіш ескеріліп отыр – ред.) аталған елге 40 млн-нан аса турист келеді. Мәселен, Түркия 2019 жылы туризм секторынан 23,63 миллиард табыс түсірген екен. Түркияның туризм секторы ел экономикасының жетекші салаларының біріне айналған – 2 млн адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл елге келген әр турист орташа есеппен 649 доллар жұмсайды. Осылайша Түркия әлемде туризм саласы бойынша көшбасшы елдердің біріне айналып отыр. Я болмаса таяуда сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Халал аспаздық туризмі пайда болды» (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/madeniet/halal-aspazdyq-turizmi-paida-boldy-15569/#gsc.tab=0) Филиппин қарапайым ас мәзірі арқылы ел экономикасын көтеруді көздеп отыр. Әлемнің әр елі әлеуетіне қарай әрекет етіп, мал табу жолына түскен. Мұндай тенденция әлемдегі мұсылмандар тығыз әрі ең көп шоғырланған Индонезияда да байқалып отыр – әлемнің ислами сән орталығына айналып, ел экономикасының жетекші салаларының біріне айналдырмақ. Бұл жайында islam.kz  порталы Antara ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы мақсатта сән апталығы, сән көрмесі секілді мәдени шараларға, түрлі жобаларға басымдық беріліп отыр. Индонезияның вице-президенті Маруф Аминнің айтуынша, бұған аталған елдің әлеуеті толық жетеді – біріншіден, өткізу нарығы, яғни, мұсылман тұтынушылар қарасы көп, екіншіден, мұсылман сәні өз алдына бөлек сала ретінде енді-енді қалыптасып келе жатыр, яғни, бұл нарықта бәсекелес жоқ. Осылайша оңтүстік-шығыс Азиядағы ел мұсылман сән орталығына айналуды көздеп отыр. 

0 пікір
Мұрағат