Мұсылман елі экономикасына тіреу болған тауар экспортын тоқтатады
Мұсылман елі экономикасына тіреу болған тауар экспортын тоқтатады
3 жыл бұрын 1552 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Tarmizy Harva / Reuters

Күллі әлемде палма майын өндіру мен экспорттаудан алдыңғы орыннан көрінген Индонезия сәуір айының 28-нен бастап, белгісіз мерзімге дейін палма майының экспортына тыйым салады. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Индонезия билігі ел экономикасының негізгі табыс көзіне айналған салаға мұндай шектеу қоюына өсімдік майының әлем бойынша, соның ішінде Индоензияның өзінде тапшы, қат тауарға айналғаны себеп болып отыр. Осы жылдың наурыз айының бас кезінде хабарланғандай, бірнеше ай ішінде палма майының бағасы тоннасына 8,1 ринггитке (1,93 мың доллар) жетпек. Мұндай қымбатшылыққа түрлі карантиндік шектеулерге ұшыраған әлемдік сауда-саттықтың төмендеуіне алып келген пандемия себеп болып отыр. Әлем бойынша палма майын өндіруден Индонезия көш бастап тұр, әлемдік нарықтағы үлесі - 57%; одан кейінгі орында тағы бір мұсылман елі тұр – Малайзия (27%). Осы екі мұсылман елінің әлемдік нарықтағы жиынтық үлесі 84%-дан асады. Палма майының саудасы бойынша да аталған екі мұсылман елі көш басынан көрінген - 90%; дәлірегі Индонезияның әлемдік нарықтағы үлесі 57% болса, Малайзиянікі - 33%. Жыл сайын әлемде палма майының экспорты тұрақты түрде өсіп келеді – шамамен 35-40 млрд доллар. Бір ғана 2020-2021 жылдар аралығында 50,4 млн тоннасы экспортталған  екен. Салыстыру үшін өзге өсімдік майларының бұл тараптағы көрсеткіштеріне аз-кем тоқтала кетсек: соя майының жылына 11,9 млн тоннасы, рапс майының 5,3 млн тоннасы, күнбағыс майының 12,0 тоннасы экспортталады екен. Палма майының ең негізгі импорттаушысы – Үндістан (орташа есеппен алғанда жылына әлемдік нарықтағы импорттық үлесі шамамен 19%-ды құрап отыр); Еуропалық одақ елдері - 13,5%, Қытай - 13%; Пәкістан - 6,9%; Бангладеш (3,3%) және АҚШ (3,1%); Филиппин, Мысыр, Бирма, Кения, - 2,4 - 1,9% аралығында; Вьетнам мен Ресейдің деңгейі шамалас - 1,8%. Таяуда палма майын алмастыра алатын соя майының құны Чикаго биржасында 3,5 пайызға шарықтап, рекордтық деңгейге жетті. Байқаған шығарсыздар, палма майы өсімдік майы бойынша эспорты мен импорты және өндірісі бойынша көш бастап тұр. Әдетте палма майы әтір мен опа-далап өндірісінде, тағам өнеркәсібінде (кондитерлік тоқаштар мен тәттілер, алмұздақ, жаңғақ сықпасы, шоколад, маргарин, т.б.) пайдаланылады. Палма майының дәмі мен иісі жоқ, жартылай қатты құрылымға ие болғандықтан гидрогенизациялауды (сұйық өсімдік майынан қатайтатын май алу процесі) қажет етпейді, осындай артықшылықтары бар, ал кемшіліктеріне келсек, май қышқылының триглицеридінен тұрады. Онда зәйтін, күнбағыс және соя майларына қарағанда организмге пайдалы қаныққан май құрамы аз. Есесіне, палма майында трансмайлар болмайды. Құрамында палмитин қышқылының көп болуына байланысты палма майы нәресте азығында (қоспасында) кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, палма майының тағам өнеркәсібінде оның басқа өсімдік майларымен салыстырғанда құны мен технологиялық артықшылықтарына байланысты танымал. Әлемдік нарықта палма майының бағасы басқа өсімдік майларының құнынан 10-40 пайызға төмен болып келеді.

За последнее десятилетие (с 2011 по 2020 годы) мировое производство пальмового масла увеличивалось в среднем на 4,2%, а мировая торговля — на 3,0%

0 пікір
Мұрағат